Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 34 стр.

Полный просмотр работы

Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні

ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Экология құқығының объектілері 5
2. Экология құқығының принциптері 8
3. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы 10
4. Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі 12
5. Айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдаланудың мазмұны 14
6. Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері 17
Қорытында 31
Пайдаланылған әдебиет тізімі 34

Кіріспе
Қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байлананысты заңдылық.
Егемендік алған аз уақыттың ішінде Республикада осындай шараларды жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ол – барлық басқа заңдардың түпнұсқасы. Айналадағы табиғи ортаны қорғау, Жер, Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату, Су, Орман кодекстері, Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану туралы заңдар қабылданды.
Осы және басқа да экологиялық заңдар экология құқығының мақсаттары мен міндеттерін белгілеумен бірге, адамның денсаулығы мен өміріне экологиялық қолайлы жағдайлар жасауға, табиғатты жаңғыртуға, оны тиімді пайдалануға, қорғауға, тәртіпті нығайтуға және заңдылықты орындауға қызмет етеді.
Экология ( грекше oikos – үй, мекен, logos - ғылым ) – жанды организмдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара қатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр.
«Қазақстан Республикасының экология құқығы» - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экология құқығының негізгі такырыбы табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, ұдайы молайту және қорғау салаларындағы қатынастар болып табылады. Ол қатынастар белгілі бір принциптерде жүзеге асырылады. Бұл ретте табиғат қорларын пайдалануды оны қорғаудан, табиғатты қорғауды оны пайдаланудан бөліп алып қарауға болмайды. Бірақ, кейде табиғат қорларының объектілерін пайдаланудың, жаңғыртудың немесе қорғаудың басымдылығы да болуы мүмкін.
Экология құқығының жүйесі экологиялық қатынастарды ғылыми түрде салаларға бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақурыбы институтын құрайды.

1. Экология құқығының объектілері
Табиғатта Күн, оның сәулесі, Ай, оның жарығы, алып су қоймалары (мұхит, Каспий сияқты теңіздер), олардың табаны, минералды заттары, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, Арктика мен Антарктида, жел және басқа байлықтар бар. Егер мемлекет сондай су қоймаларының жағасында болса, континентті қайраң аумағында олардың жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін гайдалану құқығына ие бола алады. Ал алып су қоймаларындағы Арктика мен Антарктидадағы табиғат байлықтарын пайдалану тек халықаралық келісім бойынша жүргізіледі.

Мемлекет аумағындағы табиғат байлықтары дүние жүзі немесе Жер шары байлықтарының иемденген бір бөлігі болғандықтан, оларды табиғи ресурстар дейміз.
Экология құқығының объектілері — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамның экологиялық денсаулығы мен өмірі.
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына — мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштері және басқа осы сияқты байлықтар жатады.

2. Экология құқығының принциптері
Экология құқығының принциптері - мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрьшымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы.
"Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" заңында айналадағы табиғи ортаның жай-күйіне ықпал ететін шаруашылық, басқару және өзге де қызметті өкімет органдарының, министрліктер мен ведомстволардың, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың мынадай принципте жүзеге асыруын қарастырған:

3. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Табиғи ресурстарды пайдалану - қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері - адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық, мәдени-сауықтыру, эстетикалық қажеттіктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.
Қазақстан Республикасында "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" заңда табиғатты пайдалану ұғымын кеңінен қолданады. Ал, шын мәніңде, онда табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде сөз болады. Оны табиғи объектілердің құқықтық жағдайы, аталған заңның табиғи ресурстарды пайдалануға беру ережелері айқывдайды.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы заңдарда жан-жақты қарастырылған. Онда табиғи ресурстарды пайдалану оларды қорғаумен тығыз байланысты болғандықтан, табиғатты қорғау, соның ішінде табиғатты пайдаланушылардың оны қорғау міндеттері де қамтылды.
Бұл табиғатты қорғау заңдарының ғана емес, ол Қазақстан Республикасы Конституциясының да талабы.

4. Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі
Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару - қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы, яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады.
Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болагын үш жағдай бар.
Б і р і н ш і - Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.
Е к і н ш і - Қазақстан Республикасы - халықтың ресми өкілі.
Ү ш і н ш і - айналадағы табиғи ортаны қорғау, оның адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары мен лауазымды адамдары заң жүзіндебелгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқына ие болады.
Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды - жер, су, орман, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануы, қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардын, жоспарлардың және шаралардың орындалуын ұйымдастыру, іске асыру болып табылады.

6. Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері
Экология заңдарын бұзу - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.
Экологиялық тәртіп - адамның өз өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына құқығын қамтамасыз етудің, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделері үшін айналадағы табиғи ортаны қорғаудың, адам қызметінің осы ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеудің, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың ережелері мен негізгі түпкі бастамаларының (принциптерінің) жүйесі.

Қорытынды
Айрықша қорғауға алынған табиғат объектісі — бұл шаруашылықтың барлық түрлеріне жол бермеу, адам қызметінің теріс әсерін тигізбеу және табиғи қалпында сақтау мақсатында мемлекет қарамағындағы кешенді немесе жеке түрде құқықтық қорғауға алынған айналадағы табиғи ортаның бір бөлігі.
Бұл анықтама бойынша айрықша қорғалатын объектілер, біріншіден, табиғат үшін қажетті болуы керек, екіншіден, олар шаруашылық объектілері болмауға тиіс, үшіншіден, кешенді немесе жеке болуы мүмкін, төртіншіден, мемлекет қарамағында болуы, бесіншіден, олар жөнінде өз алдына ерекше қорғау ережелері болуы қажет.

Пайдаланылған әдебиет тізімі
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. «Қала мен Дала» газеті, «Экологияның өзекті мәселелері» атты мақала, 2004 ж. 26 мамыр.
3. Ақиқат журналы, «Экологияның экономикалық залалдары» атты мақала, 2006 ж №4, 58 б.
4. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» диссерт. 2003ж. 45 б.
5. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы, Алматы. Юрист, 2004 ж.
6. Степанов Ю. А. Экологическое право.- М.: 2001 г.
7. ҚР экологиялық кодексі. Астана, 2007 ж.