Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Батырлар


Жоспар

1 Батырлар 3
1.1 Ағыбай батыр 3
1.2 Бөгенбай батыр (1690-1775 жж.) 3
1.3 Кенесары батыр 4
1.4 Қабанбай батыр (1692- 1770 жж.) 5
1.5 Қарасай батыр (1589-1671 жж.) 6
1.6 Наурызбай батыр (1706—1781 жж.) 6
1.7 Олжабай батыр 7
1.8 Олжашы батыр 7
1.9 Өтеген батыр (1699-1773 жж.) 8
1.10 Райымбек батыр (1705- 1785 жж.) 8
Әдебиеттер 10

1 Батырлар

1.1 Ағыбай батыр

Ағыбай Батыр, Шұбыртпалы Ағыбай (1802,Ұлытау өңірі – 1885, Балқаш көлінің жағасы, Тасарал қамалы) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды.
13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. Ағыбай батыр бастаған қол 1826-1849 жылдары аралығында Ресей әскерлерімен бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күйрете соққы берді.

1.2 Бөгенбай батыр (1690-1775 жж.)

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті. Оның атасы - Әлдекүн, әкесі – Ақша, анасы – Баяу деген кісілер. Бөгенбайдың екі ұлы болған: Тұраналы,Тұрымбет. Тұраналыдан – Бапан би, Тұрымбеттен – Саққұлақ би туған.

1.3 Кенесары батыр

Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы. 1827-жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Әкесі мен ағасының жолын жалғастырушы Кенесары Қасымов та мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды.

1.4 Қабанбай батыр (1692- 1770 жж.)

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының Барлық тауы) – батыр. Азан шақырып қойылған есімі - Ерасыл.
Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза тапқан. 16 жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Ерасыл 5-6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп, жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанды.

1.5 Қарасай батыр (1589-1671 жж.)

Қарасай батыр Алтынайұлы (1589, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Суықтөбе тауы – 1671, Көкшетау) – батыр. Жетісуда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған. Алатау бөктерінде туып өскен. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан. Қарғалы, Ұзынағаш, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларындағы, т. б. жерлердегі ұрыстарда жау шебін бұзып, Суықтөбе басына туын тіккен. Сол жеңістен бастап шапыраштының, одан тарайтын рулардың ұраны Қарасай болды.

1.6 Наурызбай батыр (1706—1781 жж.)

Наурызбай батыр (Наурызбай Құтпанбетұлы) (1706—1781) — Абылай ханның үш батырының бірі, қолбасшы. Ол Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Тілеміс руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде мекендеген. Оның бар өмірі жоңғарлармен соғыста өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бірдей бауыры қаза тапқан.

1.7 Олжабай батыр

Олжабай батыр — Абылай хан басшылығымен Бөгенбай, Наурызбай жəне Қабанбай батырлармен бірге отанымызды жоңғар шапқыншыларынан қорғап көзге түскен.
Олжабай батыр Абылай ханның жақын серігі, оның ту ұстаушысы болды. Олжабайдың ерліктерін Бұқар жырау жырға қосқан.

1.8 Олжашы батыр

Олжашы батыр (16 ғ. аяғы - 17 ғ. басы). Олжашы Орта жүз Арғын тайпасының ішінде Қаракесек руынан шыққан азамат еді. Қаракесектің Ақша деген баласы болған. Оның баласы – Бошан. Оның баласы – Бәйбөрі. Бәйбөрінің екінші баласы Олжашы батыр еді.

1.9 Өтеген батыр (1699-1773 жж.)

Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.
Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысты.

1.10 Райымбек батыр (1705- 1785 жж.)

Райымбек Түкеұлы (1705, қазіргі Алматы облысы – 1785, Алматы) – батыр, қолбасшы. Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғасырдың 1- жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген.

Әдебиеттер

1 Тарихи тұлғалар – Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушылар : Тоғысбаев Б., Сушикова А. – Алматы : «Алматы кітап» ЖШС, 2006. – 376 б.
2 «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Тарихи тұлғалар. – 2-ші басылым. – Алматы: «Білік» баспа үй, 2001. – 2. Т. – 373 б.