Жеке кәсіпкерлікке салық салу
Жоспар
Кіріспе 3
1 Тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі 7
1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары 7
1.2 Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары 17
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде 25
2 Тарау. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі 33
2.1 Жеке кәсіпкерлерге салық салу ерекшеліктері 33
2.2 Кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілерден олардың бюджет кірістерін атқаратын рөлі түсетш салықтық түсшдер және құрудағы 42
3 Тарау. Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары 52
Қорытынды 60
Қолданылған әдебиеттер 65
Кіріспе
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты діттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбастылық мәселесін шешуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)
Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму проблемалары мен оларды мемлекеттік қолдау бағыттары, оның ішінде салықтық реттеу тетіктерінің әсер ету тиімділігіне баға беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі сұрақтар қарастырылады:
1.Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары;
2.Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму жағдайы;
3.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тетігі ретіндегі салық жүйесінің атқаратын рөлі;
4.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі;
5.Кәсіпкерлерден түсетін салықтық түсімдердің бюджет кірісіндегі алатын орны;
6.Шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру бағыттары;
Жоғарыда аталған мәселелерді қарастыруда ең бірінші салықтық заңдық нормативтік актілер, содан кейін көптеген классик экономистердің , отандық ғалымдардың, экономика саласындағы қызметкерлердің ғылыми еңбектері, оқу құралдары, оқулықтары және түрлі мақалалары қолданылып отыр.
1 Тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары
Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық категория ретінде ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді.Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин ,одан да бұрынғы «антрепренер»(«антрепренер» француз сөзі «делдалдық» дегенді білдіреді екі мағынада қолданылады түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан, ерекше ой пікір болған.
2 Тарау. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі
2.1 Жеке кәсіпкерлерге салық салу ерекшеліктері
Нарықтық қатынастар жүйесі, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасайтын және олардың өндіретін тауарлары мен қызмет түрлерінің сапасы мен құрылымын, көлемін арттыра отырып жұмыс тиімділігін арттыратын шаруашылықты жүргізудің универсальды үлгісі болып табылады.
Орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бүгінгі күні Қазақстанның экономикалық саясатында үлкен орын алады.
3 Тарау. Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары
Шағын бизнестің қасиеті - нарық қеңестігін кеңейту мақсатында жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін өндіру барысында экономикалық тәуекелге (қауіпке) дайын болу және соған қабілетті болу. Бүл үшін ресурс жағынан қалыптасқан үлкен өндіріс және және кәсіпкерлікпен жарысуға шыдай алу қажеттілігі шарт болып табылады.
Қорытынды
Салық салу бойынша жүз пайыздық тиімділікке жету дамыған нарықтық экономика жағдайында мүмкін еместігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асырған кезде салықтық реттеу құралдарының кең спектрін қолданады. Салықты шаруашылық қызметті реттеуші құрал ретінде қолдану мүмкіндігі салықтың өзінің табиғатынан, ішкі мөні мен қызметінен шығады. Бүл мүмкіндікті қолдану салық механизмі арқылы жүзеге асады.