Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банк ісі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 24 стр.

Полный просмотр работы

Депозиттік операциялар

ЖОСПАР
1 ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР 3
1.1 Депозиттік операциялар түрлері 3
1.2 Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорлары 12

1 ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
1.1 Депозиттік операциялар түрлері
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық банктің пассивтi операциялары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн:
— банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебiнен аударулар;
— басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
— депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.

1.2 Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорлары
Депозиттерді қорғау жүйесіне Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 601 жыл. Салымдарыды кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ,Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.
Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшыраған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі. Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады.