Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Экологиялық мониторинг


Жоспар

1 Экологиялық мониторинг 3
1.1 Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы 4
1.2 Павлодар облысы мен Павлодар қаласының экологиялық жағдайы 7
Әдебиеттер 8

1 Экологиялық мониторинг

Экологиялық мониторинг – экологиялық қауіпсіздік пен табиғатты қорғау қызметін басқаруды ақпараттық қамтамассыздандыру.
Экологиялық мониторинг қоршаған орта жағдайын бақылаудың кешенді жүйесін, табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен жағдайының өзгеру болжамы мен бағасын көрсетеді (1-сурет).

1 сурет – Мониторингті өткізу сұлбасы

Мониторингтің объектілері болып қоршаған ортаны құрастырушылар – су, ауа, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, космостық кеңістік табылады.
Экологиялық мониторингтің негізгі міндеттеріне:
1) антропогенді әсер ету көздерін бақылау;
2) әсер ету факторларын бақылау;
3) табиғат ортасы мен онда жүріп жатқан үрдістерді бақылау;
4) табиғат ортасының нақтылы жағдайын бақылау;
5) антропогенді әсер нәтижесіде табиғат ортасы жағдайының өзгерісін болжау жатады.

1.1 Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы

Мысалы ретінде Қазақстан Республикасының түгелдей экологиялық жағдайын қысқаша қарастырайық.
Қазақстан Республикасы территориясының көлеміне қарай 272,5 млн. га. әлемде тоғызыншы орынды алып отыр және төрт климаттық зонаға – жазық, орманды жазық, шөлейт және шөл болып бөлінеді. Бағалы пайдалы қазбалардың бүкіл зоналарда бар болуы халық шаруашылықтық қолданыс орбитасына Қазақстанның барлық территориялық зоналарын кірістірген. Қазіргі уақытта қуатты өнеркәсіптік және ауыл – шаруашылықтық инфраструктура құрылған. Техногенді дамуда Қазақстанға техногенді даму мен тез экономикалық өсуді қамтамассыз еткен ауыр және жағу өнеркәсіптері, қара және түсті металлургия, химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсіптері алдағы орында.

1.2 Павлодар облысы мен Павлодар қаласының экологиялық жағдайы

Әдебиет көздерін қолдана отырып, студенттерге төменде көрсетілген тапсырмалар негізінде Павлодар облысы мен Павлодар қаласының экологиялық жағдайын бағалау қажет:
- климаттық анықтамалықтар және атластардың материалдары негізінде жергілікті жердің сипаттамасын құрастыру;
- облыста және қалада орналасқан өнеркәсіп объектілеріне сипаттама беру;
- қоршаған ортаны ластауда көлік құралдарының рөлін бағалау; - облыс пен қаланың ауа бассейнің ластаушы заттарына негізгі сипаттама беру және қоршаған ортаны қорғау территориалды басқармасының мәліметтері бойынша ластанудың бағасын жасау;
- облыс пен қаланың су ресурстарының жағдайын бағалау;
- облыс пен қаланың жер және биологиялық ресурстарының жағдайын бағалау;
- өндіріс пен тұтыну шығындарының қалыптасу деңгейін бағалау;
- жасанды қалыптасқан қоршаған ортаның халықтың денсаулығына тигізетін әсерін анықтау.

Әдебиеттер

1 Белов С. В. Охрана окружающей среды. – М. : Высшая школа, 1991. – 320 с.
2 Бурлибаев М. Ж., Волчек А. А. Гидрометрические измерения и гидрометрические расчеты для водохозяйственных целей. – Алматы, 2001. – 254 с.
3 Виноградов Б. В. Проблемы мониторинга окружающей среды. – Геодезия и картография, 1991. – № 4, 157 с.