Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
ЖОСПАР
КIРIСПЕ 3
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ 5
1.1 Инвестиция туралы жалпы түсінік 5
1.2 Инвестициялық жобаны таңдаудың көрсеткіштері 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 14
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар 14
2.2 Инновациялық экономикаға өтудегі инвестициялық саясаттың негізгі мәселелері 19
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
КIРIСПЕ
Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiндi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарлату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Инвестиция теориясының мән-мағынасын, түрлерін, инвестициялау объектілерін анықтау. Сонымен қатар, Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқаратынын көрсету.
Аталған мақсаттарды ескере отырып, курстық жұмысқа мынадай міндеттерді шешу көзделді :
Инвестиция теориясының әртүрлі анықтамалары мен көзқарастарын талдау арқылы мән-мағынасын толық ашу;
Оның экономикаға тигізер әсерін нақты мысалдармен атап көрсету.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты қарастыру.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының инновациялық экономикаға өтудегі инвестицияның маңыздылығына тоқталу.
Жұмыстың ақпараттық негізі. Курстық жұмыс жазу барысында ҚР президентінің халыққа жолдауы, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1 Инвестиция туралы жалпы түсінік
Инвестиция – деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, акциялар және тағы басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар белгілері, кредиттер т.б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интеллектуалды игіліктер, жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т.б. жұмыс түріне, пайда табу мақсатында әлеуметтік жағымды эффект өсіру деп аталады..
Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін әр – түрлі капитал салымдары.
Инвестиция объектісі:
Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн. Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде болады[10].
В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.
lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.
Сурет 1. Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланыс [11]
Кәсіпорын деңгейінде инвестициялық тартымдылықты арттыруда бірінші болып, алдағы кезеңдерге арналған даму сипаттары үлкен орын алады. Инвестиция тарту жолымен дамудың алдағы кезеңдердегі көкжиегін нақты талдаулар жасау арқылы болжанған жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі. Ол экономикалық тиімділік деңгейінің қатынастары, өнім өндіру мен оған кететін өндірістік шығындарды дұрыс есептеп, үнемді пайдалану. Кәсіпорындағы инвестициялық тартымдылыққа өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің ұзақтығы тығыз байланысты. Инвестициялық қызметтің ұтымды жолдарының бірі инвестициялық тиімділікті бағалауды өте дұрыс есептеу шарт. Шаруашылық қызметтің негізгі шарттарының бірі болып, өндірістің барлық элементтерін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыру. Шетелдік тәжірибеде инвестициялық тартымдылықты арттыру көбінесе инвестициялық жобаларды ғылыми негіздеп, іс-тәжірибеге лайық, сондай-ақ макродеңгейдегі болатын өзгерістерге барынша төтеп бере алатын жобалар әзірлеумен анықталады[11].
1.2 Инвестициялық жобаны таңдаудың көрсеткіштері
Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:
1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;
2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;
3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.
4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады[12].
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан Эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал қалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді-дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.
Қазақстанның қазіргі инвестициялық жағдайына баға берер болсақ, тәуелсіздік алған жылдардан бастап шетел инвестициясын өз экономикасына тарту көлемі жағынан ТМД елдерінің ішінде көшбасшы қатарында. Сонымен қатар елімізде жаңа салық және банк жүйесі құрылып, олар отандық кәсіпкерлермен шағын бизнеске жан-жақты қолдау көрсете бастады. Ауылдық жерлерде де экономика дұрыс жолға қойылды.
2.2 Инновациялық экономикаға өтудегі инвестициялық саясаттың негізгі мәселелері
Алдағы 10 жылдың ішінде Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Қазақстан бұған қандай стратегиялық жолмен қол жеткізеді? Әрине, ең бірінші еліміз халықаралық рынокқа шығу үшін қызмет көсету және өндіріс саласының бәсекеге қабілеттігін арттырудың маңызы зор. Осыған байланысты өндіріс саласының рентабельдігін арттыруда ғылымға негізделген технологиялар мен инновациялық жобалардың жүзеге асуы маңызды. Қазақстан қазіргі уақытта өндірісті ілгерілетудің сервистік-технологиялық түріне көшуді қолға алды. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстанда 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық бағдарлама жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама негізінде құрылғанына көп уақыт өтпесе де, ел экономикасына өзіндік бедерімен еніп, бүгінде айшықты орнын қалыптастыра бастаған «Қазақстанның Инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы еліміздегі даму институттарының бірі ретінде о баста Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қозғау салып, ықпал етуімен дүниеге келіп, қазіргі таңда белсенді жұмыс істеуде.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыдағы аталған мәліметтер мен деректерді сараптай келе мынадай қорытындыға келуге болады. Курстық жұмыстың алғашқы тарауы «Инвестицияның теориялық- әдістемелік негізі» деп аталған болатын. Және бұл тараудағы негізгі мәселелер төмендегідей бөлімдерге бөлініп қаралды:
- Инвестиция туралы жалпы түсінік
- Инвестициялық жобаны таңдаудың көрсеткіштері.
Бұл тарауда инвестиция теориясының мән-мағынасы, түрлері, инвестициялау объектілерін туралы түсінік берілген. Сондай-ақ, нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерi анықталған.