Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстанның тарихы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ халқының қалыптасуы

Бірде-бір өркениетті мемлекет өзінің туған уақытын анықтамай өмір сүре алмайды. 1862 ж. Ресей өз мемлекеттігінің мың жылдығын атап өтті - бұл уақыт шартты, әрі жобалы болса да өз аймағына варяг-скандинавтардың келуіне бастау алады. Кейінде ғалымдар ерте славян мемлекетінің пайда болуының шындыққа көбірек жанасымды мезгілі деп ҰІ-ҰІІ ғ.ғ мойындады. Осыған байланысты Киевтің негізі қаланғандығының 1500 жылдығы тойланды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Полынаның 1000 жылдығы да аталды. 2003 жылы көрші қырғыз ағайындар өз мемлекеттігінің 2200 жылдығын тойлап, тіпті осы туралы мағлұматты тарих оқулықтарына енгізіп те қойды. Ал қазақ мемлекеттігінің бастау алу меселесіне келетін болсақ, бұл жағдай әлі күнге дейін ғалымдар мен тарихшылар арасында дау-дамай, айтыс-тартыс туғызып келеді.

Егер Қазақстан аймағында орын тепкен, ішінара іргелес елдерді де іле кеткен мемлекеттік құрылымдардың тарихына қысқаша ғана көз салуға әрекет жасасақ, онда мынадай жағдаятқа куә боламыз.
Біздің д. д. ҰІП-ҰІІ ғ.ғ Ұлы далада өндірістің көшпенді тәсілі орнықса, Жетісуда - сақ-үйсін, Арал маңайында -қаңлы, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағында - ғұн, Ба¬тыс Қазақстанда - алан этномәдени қауымдастықтары қалыптасты.
Үйсіндер мемлекетінде жоғарғы билеуші гуньмо болды. Қаңлылардың мемлекеті олардан да орнықты болған - бесиеліктен түрды. Шығыстанушы И. Бичурин былай деп жазады: "Қаңлылардың иелігі қазірде қазақтардың Ұлкен және Орта Ордалары көшіп жүрген, Сырдариядан Солтүстікке қарайғы далаларға дейін тарады". Билік құрылымы ғұндар қоғамында тіпті жетіле түсті. Мемлекет тайпалық көсемдер билеген 24 бөлікке бөлінді. Ал әр бөлік түмендерге, он мыңдықтарға, мындықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінуі шарт болды. Мұндай жүйе әскери құрылыстың да негізінде жатты. ҰІ ғасырда Түркі қағанаты пайда болды, ол кейін Еуропа халықтары мемлекеттігінің жолбасшысы ретінде бой көтерген далалық, номадтық мәдениеттің туындауын паш етті.

Дербес Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуының негізгі себептерінің бірі ретінде алғашқыда Жошы ұлысы деп шаңырақ көтеріп, кешікпей-ақ қуатты Алтын Орда мемлекетіне айналып, аяғында әлсіреп күйреуін қарастыру қажет.
Әлуетті Алтын Орда мемлекетін ыдыратуға соқтырған себептер:

Қазақ жерінде мемлекет қалыптастырудың бай тәжірибесі бар. Мұнда әуелде басқарушы бекзаттардың дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, беделіне негізделген билік үстемдік жүргізді. Түркі қағанаты кезеңінен бері қарай өктем билікке ауысу басталды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде биліктің екі түрнің бірігуі орын алды. Өзіндік далалық демократия орнықты, онда хандардың (Шыңғыс әулетінің) мықты билігімен қатар халықтан шыққан билер мен батырлардың ықпалы күшейді. Осы мемлекеттердің барлығында да жауынгерлер жинақтаудың жүйесі, билік ету мен бағынудың қарым-қатынастарын реттейтін құқықтық тәртіп орнады.

Президент түлғасы қол сұғуға жатпайды, ал хандарды билік ұшін тәжіке, текетірес барысында өлтіріп тастау онша қиын болмаған.
Ханның тағында әрқилы адамдар отырған және олар бір-біріне жеке қасиеттері, саяси салмағы, тағдыры және тарихтағы орны жағынан ұқсамайтын болған. Олардың ішінде қуатты топтық-рулық ақсүйектердің қақпалауындағы қол-жаулықтар да кездескен, сондай-ақ айтарлықтай адуын, озбыр тұлғалар да болған.