Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 72 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқықтың жүзеге асырылуы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу 13
1.1 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы, мазмұны және заңдық табиғаты 13
1.2 Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесінде адам мен азаматтық қоршаған қолайлы ортаға деген құқық орны 34
2 Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқықтың жүзеге асырылуы 46
2.1 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты жүзеге асыру тәсілі ретіндегі экологиялық ақпарат 46
2.2 Экологиялық зардапты қалпына келтіру 55
2.3 Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқықты жүзеге асыру механизміндегі қоғамдық бірлестіктердің рөлі 65

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.
Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи, ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін, заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған принциптер қамтылуын тиіс.

1 Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу
1.1 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы, мазмұны және заңдық табиғаты
Адамзаттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.
Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи, ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін, заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған принциптер қамтылуын тиіс.
Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Бұл проблеманың өзектілігі қазіргі жағдайда экологиялық проблеманың ауқымды мәнге ие болуына байланысты болып отыр.

1.2 Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесінде адам мен азаматтық қоршаған қолайлы ортаға деген құқық орны
Заң ғылымында «жүйе» термині қоғамдық саяси ұйымдарға, мемлекеттік органға, құқыққа және басқа да көптеген күрделі қоғамдық құбылыстарға сипаттама беру үшін пайдаланылады.Философиялық ұғым ретіндегі жүйе – бұл бір – бірімен өзара байланысты және өзара әрекеттегі бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас бүтін құбылыс. Тұтас нәрсенің өзін құрайтын бөлшектерсіз мүмкін болмайтыны сияқты, жекелеген бөлшектердің де жүйеден тыс дербес қызмет атқаруы мүмкін емес.
Барлық күрделі қоғамдық құбылыстарды жүйелі түрде қарастыру жүйе түзген құрылымдық бөліктердің барлық белгілері мен ерекшеліктерін көріп ескеруге мүмкіндік береді. Бұдан жалпылық және ерекшелік диалектикасы құрылады.
Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері Қазақстан заңнамасында және әдебиеттерде бұрын да, қазір де бір бүтін жүйе ретінде салыстырмалы түрде алып қарағанда сирек сипатталады.

2 Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқықтың жүзеге асырылуы
2.1 Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты жүзеге асыру тәсілі ретіндегі экологиялық ақпарат
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқыты конституциялық жағынан бекітудің маңызы зор. Бұның әлеуметтік құндылығы оның заңдық бектілуінде емес, жүзеге асырылу мүмкіндігінде.
Осыған қатысты И.В.Дюрячиннің «Мән мен мағына тек қаншалықты құқыққа ие болуда ғана емес, соншалықты оның жүзеге асырылуында, пайдалануында» деген ұстанымы әділ болып табылады.
Табиғатына қарай әрі объективті субъективті болып саналатын құқық өзінің адамдардың іс – әрекетінде жүзеге асырылуын талап етеді.
Бұдан құқықты жүзеге асырудың жалпы проблемаларының бір бөлігі болып табылатын азаматтардың субъективті құқығын жүзеге асыру проблемасы туындайды.

2.2 Экологиялық зардапты қалпына келтіру
Қазақстан Республикасының Конституциясында экологиялық құқығы бұзылып, адамның денсаулығына немесе мүлкіне зиян келген жағдайда оны қайта қалпына келтіру құқығын қарастырған. Осындай құқық Экология кодексінде қарастырылған.
Адамның және азаматтың жеке және заңды тұлғалар арқылы экологиялық құқығының бұзылуының белгілі бір құқықтық салдары бар. Егер адамның және азаматтың денсаулығы мен мүлкіне зардабы тиген болса, ондай зардап белгіленген заң бойынша қалпына келтірілуі тиіс.

2.3 Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқықты жүзеге асыру механизміндегі қоғамдық бірлестіктердің рөлі
Қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқық азаматтардың жекелеген немесе ұжымдасқан түрінде қоғамдық бірлестіктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ұжымдық құқықты құру Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында бекітілген: «Өз мүддесін қорғау үшін кәсіподақтар құру құқығын қамти отырып, бірлестік құруға әрбір жан құқылы. Қоғамдық бірлестіктердің еркін іс-әрекетіне кепілдік беріледі».
Бұрынғы Қазақстан Республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» Заңының 2-бөлімінің 12-бабында да азаматтардың қоршаған табиғи ортаны қорғау жұмыстары бойынша қоғамдық бірлестіктер, қорлар және басқа да қоғамдық қалыптасулар құруына құқылы екендігі айтылған.
Азаматтардың бірлестікке деген құқығының жүзеге асырылуы азаматтардың екі түрлі мүмкіндігінің кепілі бола алады. Бір жағынан жалпы мақсаттарға жету үшін мүдде ортақтығы негізінде басқа адамдармен бірлестікке деген құқық, екінші жағынан басқа адамдармен бірігіп бірлестік құру жолында құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, оны қорғау (қалыптастыру) ісі бойынша азаматтың құқығы. Бірлестікке деген құқық мазмұнының екінші аспектісі азамат құқығының негізгі кепілдігі болып табылады және оны жүзеге асыру механизміне кіргізіледі.