Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 37 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қылмыстық-атқару заңнамасы мен Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінің тарихы


Жоспар
1 Қылмыстық-атқару заңнамасы мен Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінің тарихы 3
1.1 Қазақстанның түрмелерінің тарихи-құқықтық негіздері 3
1.2 Қазақстанның түзеу колонияларының тарихи-құқықтық негіздері 18
1.3 Қазақстанның тәрбиелеу колонияларының тарихи - құқықтық негіздері 27
Әдебиеттер 37

1 Қылмыстық-атқару заңнамасы мен Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінің тарихы
1.1 Қазақстанның түрмелерінің тарихи-құқықтық негіздері
Көшпенділердің, яғни қазақтардың жазалау жүйесінде бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы әдетте қолданылмаған. Көшпенділерде негізгі жаза ретінде айыппұл төлеу, мысалы, қылмыскер кісі өлтірген кезде құн, ал басқадай қылмыс жасаған кезде айып төлейтін болған.
Осыған орай қазақ қоғамында түрме салу және осы сияқты мекемелердің қажеттілігі болмаған. Қазақстан аумағында түрме салу патшалық Ресейдің колониялдық саясаты дәуірінде басталған. ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында 20-ға жуық түрме болған.
Бұл түрмелерде қамауда отырғандардың шектен тыс көп болуына байланысты аштық, суық, ауру және сотталғандар арасында адам өлімі көп болған. Түрмелердің қанағаттанарлықсыз жағдайда болуының бір себебі, бірнеше ғасырлар бойында Ресей империясында жазаның мақсаты сазайын тарттыру және қорқыту болып табылған. Бұндай мақсатқа қол жеткізу үшін түрмелерде мықты құлып пен берік күзет болса жетіп жатыр. Дәл сондықтан да патшалық Ресейде ХХ ғасырдың ішінде мысалы, Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда пенитенциарлық білімге деген сұраныс болмаған, осыдан барып пенитенциарлық ғылым қалыптаспаған, қамауға алу орыны қызметінің заңнамалық негізі дамымаған еді.

1.2 Қазақстанның түзеу колонияларының тарихи-құқықтық негіздері
Еңбек колонияларын (қазіргі колония-қоныстар сияқты ашық мекемелер) салу Қазан революциясынан кейін басталған еді. Артынан Еңбек колониялары (ауыл шаруашылық, қол өнер, фабрикалық) РСФСР-дің 1924 жылғы Еңбекпен түзеу кодексінің нормасында бекітілген болатын.
РСФСР-дің ЕТК 150-бабында Еңбек колониялары қатаң оқшаулаусыз бес жылдан көп емес мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылғандар үшін құрылады және онда бірінші рет немесе байқаусызда немесе ауыр материалдық жағдай салдарынан қылмыс жасаған еңбекші адамдар қамауда отырған.
Еңбек колонияларында ұстаудың жеңілдетілген режимі қарастырылған. Онда қамаудағылар колония аумағы бойынша еркін жүріп тұрған, оларды қадағалаусыз әр түрлі тапсырмамен колониядан тыс жерге жібере беретін, ал кездесу оларға РСФСР ЕТК 154-бабында көрсетілгендей тікелей берілетін болған.
1924 жылғы ЕТК көрсетілген еңбек колоиялары ХХ ғасырдың 20-жылдары Қазақстан аумағында дами қоймаған. Мұрағаттық деректер бойынша Қазақстан аумағында еңбек колонияларының болғандығы туралы мәліметті таппадық.

1.3 Қазақстанның тәрбиелеу колонияларының тарихи - құқықтық негіздері
Кеңестік мемлекетте 17-і жастан 21 жасқа дейінгі адамдарды ұстауға арналған бірінші реформатори 1918 жылы желтоқсан айында Мәскеу қаласында ашылған болатын. Бұған анықталмаған үкіммен кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылар келіп түскен, тәрбиеленушінің одан арғы тағдырын осы мекеменің басқармасы алқалы түрде шешкен.
Алайда, педагогикалық кадрлар мен қаражаттың болмауы себептерінен біздің елімізде реформаторилер дамымаған. Реформаторилердің орнына 1921 жылы Ресейдің кейбір аймақтарында еңбек ету үйлері құрыла бастаған, онда тәрбиеленушілер құрылған оқу-өндірістік шеберханаларда еңбек етуге және жалпы білім беретін мектепте білім алуға тиіс болатын. Еңбек ету үйлерінде реформаторилерге қарағанда тәрбиеленушілерді үкім бойынша жаза мерзімі біткенше ұстауға тиіс болатын, ал қажет болған жағдайда түзелгенше, бірақ тәрбиеленушілер 20-жасқа жеткенше ғана ұстаған.