Өнеркәсіптік революция және индустриялық дамудың басы
Жоспар
1 Өнеркәсіптік революция және индустриялық дамудың басы 3
1.1 Капиталистік өндірістің мәні 5
1.2 Капитализмнің даму кезеңдері 12
Әдебиеттер 17
1 Өнеркәсіптік революция және индустриялық дамудың басы
Капиталистік құрылыстың пайда болуы мен қалыптасуы - бұл XVI ғасырдан бастау алатын тұтас тарихи дәуір. Кез келген өндіріс тәсілі пайда болуы үшін белгілі алғышарттар қажет. Капиталистік өндіріс тәсілі пайда болуының материалдық негізі - қоғамның материалдық-техникалық базасының ірі машина өндірісі негізінде өзгеруін білдіретін (танытатын) өнеркәсіптік төңкеріс болды. К. Маркс мануфактурадан ірі машиналық индустрияға көшудің белгісі болған өнеркәсіптік революцияны феодализмнен капитализмге өту ретінде қарастырған.
Капитализм пайда болуының әлеуметтік-экономикалық негізі - жұмыс күшінің тауарға айналуы еді, ал оған екі тарихи процесс ықпал етті:
1.1 Капиталистік өндірістің мәні
Капитализм - «экономикалық» деп сипаттауға лайық тарихтағы жалғыз қоғам, өйткені ол «экономикалық мәжбүрлеу» принципіне құрылған.
«Классикалық» капитализм деп экономикалық мәжбүрлеу принципінің абсолютті үстемдік құру дәуірі түсіндіріледі.
Экономикалық мәжбүрлеу - шығу тегі мен мазмұны бойынша таза «қоғамдық» күш: экономиканың қоғамдық құрылысына бір мезгілде оның «тежегіші» әрі «жылжытушысы» бола отырып айналады.
Тек капитализмнің қатал «экономизмі» ғана «дәстүрлі» қоғамды (қатар өмір сүретін қауымдар бірлестігі) нағыз қоғамға - экономикалық субъектілердің өзара байланысты қызметінің күрделі жүйесіне айналдыру қабілетіне ие еді. Бұндай айналудың экономикалық механизмі капитализмнің бір-бірінен ажыратылған жеке өндірістерді - біртұтас қоғамдық өндіріске, жеке тұлғалардың өндірістік қабілеттерін - қоғамдық өндірістік күштерге, жеке еңбек нәтижесін - қоғамдық жиынтық өнім элементіне, жеке жұмысшыларды - қоғамдық жиынтық жұмысшыға, жеке байлықтарды қоғамдық жиынтық байлыққа айналдыруында.
1.2 Капитализмнің даму кезеңдері
Капитализм XII ғасырда-ақ пайда болды. XVIII ғасырдан бастап әрекет еткен классикалық капитализм өз дамуында үш кезеңнен өтті: