Халық ағарту ісі
Жоспар
1 Қазақстандағы халық ағарту ісі 3
2 Абай Құнанбайұлы 8
3 Шоқан Уәлиханов 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
1 Қазақстандағы халық ағарту ісі
Ағарту ісінің басты бағыттары, орталықтары. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар біртіндеп қарқын ала бастаған коғамдың козғалыс Ресей империясының алшақ жатқан аудандарында да ағарту ісінің дамуына әсерін тигізді.
XIX ғасырдың 60-70-жылдарынан ұйымдастырыла бастаған ғылыми коғамдар, көпшілікке арналған кітапханалар, ағарту ісінің жолға қойылуы коғамдың өмірдің жандануын тездетті, оған әсерін тигізді.
Облыстық орталықтарда ашыла бастаған халыққа хат таныту қоғамдары да көп ұлтты қазақ өлкесіндегі тұңғыш мектептердің кызметіне жаңа бағыт берді. 1868 жылы кұрылған Түркістан статистикалық комитеті, 1878 жылы ұйымдастырылған Семей облыстық және кейінгі жылдары бірінен кейін бірі жұмысын жолға койған басқа да ғылыми ағартушылық мекемелер қазақ және өлкені қоныстанған басқа да ұлттар арасында ғылым мен білімнің, сауаттылықтың негіздерін таратуда белгілі рөл атқарды.
Қазакстанда халыққа білім берудің басты бағыттары Орал, Семей, Торғай, Ақмола және Сырдария, Жетісу облыстарын басқару туралы "Уақытша Ережеде" айқындалды.
Ағарту ісін дамыту үшін қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинауға құқық берілді.
Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп - оқу орындарының барлық буындарында дерлік білімді ұстаздардың жетіспеуі. Томскінің, Қазанның, Мәскеудің, т.б. ірі мәдени орталықтардың оқу орындарын бітірген мамандар Қазақстандағы ауыр материалдық және тұрмыстык жағдайға төзбей, қайтып оралатын. Жалақының аздығы, оқу ісін ұйымдастырудағы олқылықтар, оқу құралдарының, кітаптардың жетіспеуі де халық ағарту ісінің қарқындап дамуына кедергі болды.
2 Абай Құнанбайұлы
Абай Құнанбайұлы (1845-1904 жж.) - казақ халкының жазба әдебиетінің негізін салушы, ой-шыл, ұлы акын. Абай (Ибрагим) 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өнірінде дүниеге келді. Алғашында Абай өз аулында жалдамалы молдадан білім алды. Кейін ауқатты Құнанбай баласын Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға берді. Медреседе ол Шығыс әдебиетін көп оқыды, каладағы орыс мектебіне барып жүрді. Мектепте жүрген шағында өзі де ақындық талабын байқата бастады. Алайда ел билеу ісіне балаларын да тартқысы келген атақты аға сұлтан Құңанбай Абайдың қаладағы оқуын аяқтатпады. Ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған онын әкесі Құнанбаймен барлық өмір талқысы мен көзқарастары бірыңғай қалыптаспады. Алайда ол әкесін ерекше құрметтеді.
3 Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлихановтың (1835 -1865 жж.) шын есімі - Мұхаммед-Қанапия, Шоқан -анасының еркелетіп койған аты. 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Ол балалык шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің атамекені Сырымбетте өткізген. Сырымбет - Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналіан сұлу өңір. Болашақ ғалым бойындағы рухани қасиеттердің басты белгілері жастық шағынан-ақ қалыптаса бастады.
Ерте есейген Шоқан өз пікірлерін ересек жастағы адамдар сияқты тұжырымдайтын. Оның жетіле беруіне, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғанымның ыкпалы ерекше болды. Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрген Шокан сүйікті әжесі жөнінде суық хабарды алған бойда Сырымбетке арнайы келіп, Айғаным ханшамен қоштасып, оны ақырғы сапарына шығарып салады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы», Алматы 2005.
2. Ж. Қасымбаев «Қазақстан тарихы», Алматы 2004.
3. Н. Мыңжан «Қазақстаның қысқаша тарихы»
4. Қазақстан тарихы очерктер.