Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Валюталық операция, валюталық жүйе және оның типтері


Жоспар
1 Валюталық операциялар 3
1.1 Валюталық операциялар ұғымы 3
1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері 8
1.3 Валюталық курс валюталық жүйенің негізгі реттеушісі 10
2 Валюталық жүйе және оның типтері 12
2.1 Валюталық жүйенің эволюциясы 12
Қолданылған әдебиеттер 17

1 Валюталық операциялар
1.1 Валюталық операциялар ұғымы
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «валюта» терминінің мәніне тоқталайық .
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996ж.) сәйкес, «Валюта - мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар(айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары».
Осы заңда «валюталық операцияларға» төменгідей түсінік берілген:

1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері
Валюталық жүйе дегеніміз - Ұлттық заңдық құжаттармен немесе мемлекет аралық келісімдермен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Ал ол өз алдына ұлттық, әлемдік, халықаралық (аймақтық) валюталық жүйелерге бөлінеді.
Тарихи деректер бойынша халықаралық хұқтарды есепке ала отырып, ұлттық заңдармен бекітілген ұлттық валюталық жүйелер бірінші болған. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің құрамдас болып табылады, алайда ол салыстырмалы түрде дербес және ұлттық шектен шығады. Оның ерекшеліктері мемлекеттің экономикалық дамуы дәрежесі мен сыртқы экономикалық байланыстары арқылы анықталады. Ұлттық валюталық жүйе әлемдік валюталық жүйемен тығыз байланысқан.

1.3 Валюталық курс валюталық жүйенің негізгі реттеушісі
Валюталық курс - бір елдің ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігімен немесе халықаралық валюталық бірлікпен белгіленген бағасы.
Валюталық курстың құндық негізі валютаның сатып алу қабілеті болып табылады. Бұл экономикалық категория тауар өндірісімен және тауар өндірушілермен дүниежүзілік нарықтағы өндірістік қатынастарды білдіреді. Құн тауар өндірісінің экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлі елдердің ұлттық ақша бірліктің салыстырылуы өндіріс және айырбас процесі қосылуынан тұратын құндық қатынасқа негізделген.
Валюталық курсқа әсер ететін факторлар: кез келген баға сияқты валюталық курс та құнның негізінен валютаның сұранысы мен ұсынысына байланысты ауытқып отырады. Сұраныстың және ұсыныстың ара-қатынасы әртүрлі факторларға тәуелді:

2 Валюталық жүйе және оның типтері
2.1 Валюталық жүйенің эволюциясы
Валюталық жүйенің даму заңдылықтары ұдайы өндірістік критериймен анықталады, ұлттық және әлемдік шаруашылықтардың дамуының негізгі этаптарын сипаттайды. Бұл критерийдің көрінісі әлемдік валюталық жүйе принциптерінің әлемдік шаруашылық құрылымындағы өзгерістерге периодты түрде сай келмейтіндігін де және оның негізгі орталықтары арасындағы күштің таралуында байқалады. Осыған байланысты периодты түрде әлемдік валюталық жүйенің дағдарысы болып отырады. Бұл, яғни әлемдік валюталық жүйе дағдарысы - валюталық қарама - қайшылықтардың жарылысы, әлемдік валюталық механизмнің ұйымдастырылуының құрылымдық принциптерінің өзгерген өндіріс жағдайларына, әлемдік саудаға және әлемдегі күштердің ара-қатынасына сәйкес келмеуінен оның функциясының күрт бұзылуы.

Қолданылған әдебиеттер
1. С.Мақыш. «Коммерциялық банк операциялары» 223-226 бет
2. А. Илияс, С. Мақыш. «Банк ісі» 218-221 бет
3. Қ.Р « Валюталық реттеу туралы заңы. 24.12.1996.» 54-17