Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат


Жоспары
Кіріспе 3
1 Инвестиция және инвестициялық тартымдылық 5
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың түрлері, инвестициялардың жіктелуі 6
2 Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдаланудағы саясаты 10
2.1 Қазақстандағы инвестициялық жүйе 10
2.2 Аграрлық инвестициялық жағдайға талдау 15
Қорытынды 18
Пайдаланған әдебиеттер 19

Кіріспе

Дүние жүзі елдері өмір сүруді қамтамасыз ету, тіршілік әрекетінің барабар және тиімді амалдарын қолдану проблемаларын шешуге деген өз ұмтылыстарында өркениетін көш - керуеніне тартылған. Әлем дамуы жағынан бүгінде кең спектрді қамтиды, ол жоғары дамыған және дамушы елдерден, бай және кедей халықтардан тұрады.
Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзін бұл қатардан дербес көрсете алмады.Тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың алдында ол дербес мемлекет болып қалыптаса ала ма,егер солай болса ,онда оның орны қайда болуы керек деген тұрғыда таңдау жасау міндеті тұрды.

1 Инвестиция және инвестициялық тартымдылық

1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салыныңдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салыныңдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге едәуір жақын келеді.

1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың түрлері, инвестициялардың жіктелуі

Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың заңды түрде мынадай түрлері енгізілген:
1) акционерлік инвестициялық қор;
2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкін инвестициялық пай қоры жұмыс істейді.
Ашық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы қомпиядан осы Заңды және осы инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуын талап етуге құқық береді,бірақ ол екі аптада бір реттен кем болмауға тиіс.

2 Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдаланудағы саясаты

2.1 Қазақстандағы инвестициялық жүйе

Қазақстанның инвестициялық саясаты шетелдік, сондай-ақ отандық инвестицияны тартудың қажеттілігімен тікелей байланысты. Өткен кезеңде инвестициялық қызмет жүргізу барысында негізінен, инвестицияның басты әрі нақты көзі болып табылатын шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға айрықша назар аударылды. Әйтсе де, мемлекеттің шетел инвестициясын ынталандыруға бағытталған құқықтық базаны қалыптастыру және инвестицияның енуіне қолайлы жағдай туғызу секілді шараларды жүзеге асырғанына қарамастан, қазіргі шетелдік инвестициялау моделі күткендегідей нәтиже бермеді.Бұған ұзаққа бармай-ақ, экономиканың көптеген салаларын кеңінен қамтыған, әсіресе, өндіріс саласындағы терең инвестициялық дағдарысты атасақ та жеткілікті.

Қорытынды

Қазақстан инвестиция салуға қолайлы деп әлемдегі бір емес, үш бірдей ең беделді агенттіктер шешім шығарды. Соның негізінде елге инвестициялар бұрынғыдан да көп келе бастады.Мұндай мүмкіндік Орталық Азия елдерінде және Ресей мен Украинада әлі жоқ., ол жағдай оларға келешекте, біраз жылдар өткеннен кейін мүмкін. Қазіргі таңда бұл Қазақстанның артықшылығы, қаржы рыногы көлемінде біздің аталған елдермен бәсекеге қабілеттілігіміздің басымдығы.Міне, осы басымдылық Алматыны өңірдегі елдердің қаржы астанасы етуге толық мүмкіндік туғызды. Оны пайдалансақ, Қазақстан экономикасының әлем елдері алдындағы беделін тағы бір жоғары көтеруге болады. Сингапур, Дубай, Дублин осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, бүгін барша елдер таныған халықаралық қаржы орталықтары болып отыр.
Әлем елдерінің экономика саласындағы жаңалықтары, бағыттары қандай? Олар көп, ал бір сөзбен айтсақ дамыған елдер жаңа экономика жасауға кірісті. Ол дегеніміз білім, ғылым негізінде, олардың жаңалықтарын барынша пайдалана отырып жасалынып жатқан экономика. Ол дегеніміз ең жоғары, ең тиімді, адамның еңбек өнімін еселеп өсіре алатын жаңа технологиялармен жарақталған экономика. Адам, білім, ғылым және инвестициялық саясаттың, экономиканың негізгі қуатына айналды. Осыны түсінген ел басқалармен терезесі тең болады.