Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстанның қаржылық жағдайы

Жоспар
Кіріспе 3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері 4
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты 4
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі 7
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері 12
2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау 15
2.1. Баланс өтімділігін талдау 15
2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 19
3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 30

Кіріспе
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Себебі, кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процессін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті ба,алап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығыны нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагентер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін етілуін көрсетеді.

1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс көлденең түрінде 1-кестеде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады.
1-кесте БЕС-2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс

1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Соңғы кездері мерзімді баспа сөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік бірқатар әдістемік ұсыныстар жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жеке көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерешелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштердің жүйесін толық талдауда.

2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
2.1. Баланс өтімділігін талдау
Баланс өтімділіг талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және көрсеткіштердің “өтімділіг” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік – кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, кеілп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді.

2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілетілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілрінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себебті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын айтамыз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айрысу, валюталық және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтердің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорындарды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

2-кестенің мәліметтері жыл аяғындағы өтімділік жыл басына қарағанда біршама өскенін көрсетеді. Осылай, абсолютті өтімділік коэффициенті 0,028 пунктке, аралық – 0,534 пунктке және ағымдағы – 1,935 пунктке өсті.
3-кесте
Жалпы өтімділіктің (ағымдағы) коэффициенті деңгейінің өзгеруіне қорытылған факторлардың әсерінің есебі.

Келтірілген есептеулерден, жалпы өтеу коэффициентіне дебиторлық борыштар мен тауарлы-материалдық қорлардың күрт өсуі оң әсер еткенін көрсетуге болады.
Сонымен, төлем қабілеттілігі баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар - елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының тұрақтылығы, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктің капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржы жағдайы және басқалары әсер етеді.
Төлем қабілеттілігін талдау кезінде осы факторлырды кешенді түрде қарастыру маңызды, бұл талданатын кәсіпорынның қаржы жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.

Қорытынды
“Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау” тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізу барысында көптеген қиыншылықтар мен түсініспеушіліктерге жолықтым. Оған басты себеб осы тақырыптың, яғни қаржылық талдау мәселесінің аз зерттелгендігінде деп ойлаймын. Дегенмен, бұл қиыншылықтар өз шешімін тапты.
Сонымен жұмысты қорытындылайтын болсақ. Бірінші бөлім бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор екенін байқауға болады. Себебі, бұл – кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуына алып келеді. Сонымен қаржылық талдауды жүзеге асыруда ақпаратпен қамтамасыз етілуі және қаржылық жағдайды талдаудағы талданған әдісте өз әсерін тигізеді.