Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 15 стр.

Полный просмотр работы

Кәсіптік одақтар

Жоспар
1 Кәсіптік одақтардың түсінігі 3
2 Кәсіподақтардың функциялары 7
Тақырып бойынша сұрақтар 15

1 Кәсіптік одақтардың түсінігі
Алғаш рет кәсіптік одақтар Англияда ХVІІІ ғасырдың соңына қарай пайда болды. Олар өз мүшелерінің кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында құрылды. Кәсіптік одақтардың пайда болуы мемлекет пен кәсіпкерлердің күшті қарсылығын тудырды. Тіпті, кәсіподақтарды басу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді, ал кәсіподақтарға бірігу қылмыстық топ ретінде қарастырылды. Алайда, кейінірек жұмысшылар қозғалыстарының қысымының нәтижесінде кәсіподақтар заңды тұрғыда танылды. Кәсіподақтарды қылмыстық қудалау Англияда 1824-1825 жылдары, Францияда – 1864 жылы, Италияда – 1896 жылы тоқтатылды.
1871 жылы Англияда, содан кейін өзге де мемлекеттерде кәсіподақтар туралы заңдар қабылданды. Бұл заң кәсіподақтарға анықтама берді, оларды тіркелген (заңды) және тіркелмеген (заңсыз) деп бөлді.
Аталған заң ағылшындық тіркелген кәсіподақтарға бірқатар құқықтар берді, ол әлі күнге дейін күшіне ие.

2 Кәсіподақтардың функциялары
Кәсіподақтар жұмыс істейтін тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін құрылды, сондықтан олардың негізгі функциясы – бұл қорғау функциясы. Кәсіподақтар меншік иесінің, мемлекеттік және шаруашылық органдарының алдында қызметкерлердің еңбекті қорғауға қатысты құқығын қорғайды, еңбекті қорғауға қатысты бағдарламаларды, заң шығарушылық және заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді жасауға қатысады.
Еңбек заңдары кәсіподақтардың жұмыс берушілермен және олардың басшылығы арасындағы әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша өндірістен бастап республикалық деңгейге дейінгі қатынастарын реттейді. Бұл деңгейлердің барлығында кәсіподақтар өздерінің қорғау функциясын, сонымен қатар, маңызды функциясы – қызметкерлердің мүдделерін білдіруді жүзеге асырады.