Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері


Жоспар
Кіріспе 3
І Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері 4
1.1 Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері 4
1.2 Кәсіпкерліктің экономикадағы орны 5
1.3 Кәсіпкерлік қызмет түрлері 7
ІІ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары 11
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары 11
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты 13
2.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары 16
ІІІ Шетелдерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері 20
3.1 Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру 20
3.2 АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік 21
3.3 Ресейдегі кәсіпкерлік қызмет ерекшелігі 24

Кіріспе

Менің тақырыбының аты «Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері».
Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына - экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

І Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері

1.1 Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері

«Кәсіп ету» – қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Әкімшілік – бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін «іскерлік» сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.

1.2 Кәсіпкерліктің экономикадағы орны

Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа болашақты ашты.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:
• Ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
• Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;
• Монополияға қарсы әлеуеті бар;
• Ғылыми – техникалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;
• Нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономиканың даму негізі.
Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді жеңу оңайға түспейді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз жасалды.

1.3 Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.
Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.
Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады.
Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп, жағымсыз өзгерістерге ыдырады:

ІІ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары

2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары

Кәсіпкерлік қатысушы – меншік иелерінің санына байланысты келесі нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық.
Кәсіпкеріліктің бұл нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі реттейтін кәсіпорынның белгілі ұйымдастыру құқықтық нысандары шегінде жүзеге асады.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру - құқықтың нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға байланысты:

2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты

Шағын кәсіпкерліктің мынадай «әлсіз» жақтары бар:
• Ұзақ мерзімді міндеттерді жасаудағы басшының білімсіздігіне байланысты әлсіз стратегиялық басқару;
• Өзін өзі ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету;
• Меншікті және несие қаржы ресурстарының жетіспеушілігі;
• Тәуекелдің жоғарылығы және қызметтің тұрақсыздығы;
• Сыртқы ортадан - банктерден, басқарудың мемлекеттік ұйымдарынан, ірі кәсіпорындардан, ғылыми ұйымдардан күшті тәуелділік.

2.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары

Инфляция жағдайында қаржы тұрғысынан оң нәтижелерге айтарлықтай тез жетуге болғандықтан, негізінен қаржы айналымы саласында басталған Қазақстанның шағын және орта бизнесінің даму тәжірибесі бүгіндері бірте-бірте көмескілене бастады. Реформалардың негізгі мақсаты – макроэкономикалық тұрақтылық кәсіпкерлік қызметтің, ұсақ және орташа тауар өндірушілерге айналғанға дейін кеңейтілуін қалайды. Олар өздерінің арасында ішкі бәсекелестік ортаны қалыптастыруы қажет. Бұндай жағдайда мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау жолына түсуі тиіс.

ІІІ Шетелдерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері

3.1 Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру

Фирма дегеніміз шаруашылық еркіндігі бар, өндірістік және басқа қызметпен айналысатын экономикалық субъект.
Жеке меншік кәсіпкерлік фирмасы – иесі өз қызығушылығымен ісін еркін жүргізетін кәсіпорын. Ол фирманы басқарады, барлық пайданы алады, барлық оның міндеттері бойынша жауапкершілік алады.
Фирма иесі қызметкерлерді жалдау және жұмыстан шығару құқығы бар келісімдер, шарттар жасайды.
Жеке меншік кәсіпкерлік фирманың артықшылығы оны ұйымдастыру, басқару қарапайымдылығы, еркін әрекет, өте күшті экономикалық мотивация (барлық пайданы бір адам алады).
Мұңдай фирманың кемшілігі – қаржы және материал ресурстарының шектелуі, өндірістің және басқарудың ішкі мамандануының дамыған жүйесінің болмауы, шектелмеген жауапкершілік.
Әріптестік – бұл бірнеше тұлға ұйымдастырған, бірігіп иеленетін және оны басқаратын кәсіпорын, фирма.

3.3 Ресейдегі кәсіпкерлік қызмет ерекшелігі

Ресейде Азаматтық кодекске сәйкес кәсіпкерлік (коммерциялық) қызметтің келесі ұйымдастыру – құқықтық нысандары құрылады:
• Шаруашылық серіктестік пен қоғамдар;
• өндірістік кооперативтер;
• мемлекеттік және муниципальды унитарлық кәсіпорындар.
Шаруашылық серіктестік қатысушылары белгілі шаруашылық қызметті бірге жүргізү үшін кәсіпорын құру туралы өзара шарт жасау болып табылады. Толық серіктестіктің мүлігін қалыптастыру көзі, оның қатысушыларының салымдары.
Толық серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің міндеттері бойынша өз мүлігімен жауапкершілікті бірге алады.
Аралас (командиттік) серіктестікте (немесе сенімге негізделген) жағдай басқаша.
Серіктестік атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және серіктестің міндеттемелері бойынша өз мүліктерімен жауап беретін қатысушылармен қатар бір немесе бірнеше қатысушы салымшылар (коммандитистер) болады. Олар серіктестік қызметіне байланысты шығындар тәуекелін өздері енгізген салым сомасы шегінде алады.