Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекеттік несие

Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде және халықаралық қаржы – несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие болып табылады.
Мемлекеттік несие – бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекетпен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар.
Мемлекет мынадай рөлдер атқара алады: несие беруші, қарыз алушы және кепіл.

Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын шоғырландыру және оны мемлекеттің бірінші кезекті қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттаумен анықталады.
Мемлекеттік несие мынадай түрлерге жіктеледі: ішкі, сыртқы (халықаралық), шартты.
Ішкі несиеде үкімет, жергілікті билік органдары, кәсіпорындар, ұйымдар және халық арасында жан-жақты мемлекеттік-несиелік қатынастар туындайды: займ алушы ретінде, несие беруші ретінде.

Мемлекеттік несиенің қайнар көздері кәсіпорындардағы, банктердегі, зейнетақы қорларындағы, сақтандыру қорларындағы, халықтағы уақытша бос қаражаттар болып табылады.
Мемлекет несие ресурстарын мыналар үшін пайдаланады:

Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін банктердегі халық салымдарының қалдығының бөлігін ссудалық қорларға айналдыру көбіне жинақ банктері арқылы жүзеге асырылады, ал егер олардың капиталы мемлекеттікі болса, онда депозиттерді қолдану тәуекелі бойынша мемлекет жауап береді; жинақтау банктерінің капиталында мемлекеттің үлесі болса, онда - банк мекемесінің (акционерлерінің) пікіріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді қолдану нұсқаларының мәселесі туындайды.

Бұл лимит сәйкесінше Республикалық бюджетте, Ұлттық Банкте, жергілікті бюджеттерде жоспарланған, тиісті құрылымның белгілеген мерзіміндегі нақты қарызынан аспауы қажет, алынған және өтелмеген займдардың бекітілген сомасы. Ұлттық Банк үшін бұл сома, Ұлттық банктің халықаралық қаржы ұйымдарының бағдарламалық займдарды тарту жағдайынан басқа, банктің таза алтын-валюталық активтерінің 50%-ы деңгейінде қойылады. Қазақстан Республикасы үкіметінің займ алу лимиті Республика бюджеті туралы заңымен бекітіледі, онда үкімет қарызының лимитімен бірге оның қызмет етуі үшін бағытталған қаражат көлемі де көрсетіледі.