Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және формалары
Жоспар
Кіріспе 3
1 Әлемдік экономиканың жаңа үрдістері 5
1.1 Мегарыноктар 8
2 Халықаралық экономикалық қатынастар 19
2.1 Оңтүстік Қазақстан – тоқыма кластерлі 19
2.2 Оңтүстік Қазақстанда Биотехнологияның дамуы 20
Қорытынды 27
Әдебиеттер тізімі 29
Кіріспе
Бүгіндері еліміздің егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа таныла бастауы Қазақстан Республикасы тарих ғылымында күрделі де жауапты бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. Оның бір көрінісі ұзақ уақыт бойы бұрмаланып, бір жақты қаралып, ақиқаты айтылмаған тарихи құбылыстарды қайта ой елегізуінен өткізіп, шынайы бағасын беруге деген талпыныс. Қазіргі таңда ұлттық сананың қайта жаңғырған тұсында, Еліміздің зор мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, дамыған елу елдің қатарына қосылуға барша Қазақстан азаматтары атсалысып келе жатқаны баршамызға белгілі.
1 Әлемдік экономиканың жаңа үрдістері
Сарапшылардың болжамы бойынша 2008 жылдан 2030 жылға дейін әлемдік экономика көлемі 35 трлн. АҚШ долларынан 72 трлн долларға дейін өседі. Ал енді өршіл нұсқа бойынша 2020 жылға дейін ол 100 трлн. долларға өседі. АҚШ-тағы жоғары қарқын,Қытайдың серпінді өсуі әлемдік ІЖӨ-нің соңғы 30 жыл бойы байқалмаған жеделдікпен артуына жол ашты.Бұл елдер осынау аса маңызды көрсеткіштің 40 пайыз өсімін қамтамасыз етті. 2020 жылға дейінгі кезеңге жалпы әлемдік өсімнің жартысынан астамын американ,қытай және үнді экономикалары қамтамасыз етеді.
1.1 Мегарыноктар
Әлемдік рыноктың аса ірі сегменттерінде серпінді өзгерістер жүріп жатыр. Олардың бірін толымды ету жаңа секторлардың ұйымдасуын туындатуда. Басым сегменттер қатарында қаурыт дамып келе жатқан жылжымайтын мүлік рыногын атауға болады. Соңғы бес жылда дамыған елдерде тұрғын үйдің құны 30 трлн. доллардың 70 трлн. долларға дейін ұлғайған.2007 жылы инвестициялық рыноктың көлемі 681 млрд. долларды құрайды.
2 Халықаралық экономикалық қатынастар
2.1 Оңтүстік Қазақстан – тоқыма кластерлі
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында республикада тоқыма кластерін дамытып, шитті мақтаны матаға, матадан киімге дейін жеткізіп, қосымша құн өндіріп, шикізатты терең өңдеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мәселесі көтерілген. Мамандардың пікірінше, Қазақстан Республикасындағы тоқыма және тігін өнеркәсібі еліміздің тек 10 пайыздық ғана мұқтажын өтейді. Ал, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол ішкі рыноктың ең болмағанда, 30 пайыз мұқтажын өтеуі керек. Олай болса мақта, тоқым кластерінің дамуы тікелей Оңтүстік Қазақстан облыстарының Жетісай, Мақтарал, Шардара және Түркістан, Төрткүл аудандарының мақталық алқаптарына және Шымкент текстил зауыттарының жұмыс істеуіне тікелей байланысты.Сонда ғана дамыған елу елдің қатарына қосыла аламыз.
2.2 Оңтүстік Қазақстанда Биотехнологияның дамуы
Олысуымыздың экономикасын өркендету, электр қуатына деген сұранысты қанағаттандыру үшін газ турбиналы электр стансасын (ГТЭС) және АЭС салуды бастау дұрыс болар еді. Сарыағаш ауданындағы «Полторацкое» жер асты газ қоймасы негізінде қуаты 200 мвт ГТЭС салуға мүмкіндік бар. Жібек жолы ауылындағы газ қоймасының сыйымдылығы 883 млн. текше метр. Жыл сайын 800 млн. текше метр газ жағатын жаңа ГТЭС жылына 640 млн. квт электр энергиясын өндірер еді.
Қорытынды
Қазақстан экономикасының даму қарқыны шетелдік сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып отыр.Ресей талдамашылардың бағалары бойынша,Қазақстан экономикасының өсу қарқыны жөнінен соңғы жылдары Ресейден шамамен үштен бір есеге озық келеді, деп жазады «Независимая газета».