Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану және саясаттану

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Ұлт дамуының жаңа кезеңі және алаш мүддесі

Біз Қазақстан Республикасы аталатын дәстүрі терең, бағдары жаңа қоғамның бар мүмкіндігін экономикалық, мәдени-рухани дамуға жұмсап келеміз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы». Біз бүгінгі ұлттық дамуымызға, Алаш құндылықтарына да осындай көзқараспен қараймыз. Біз рухани дүниеміздің мән-мағынасын жарқын тарихымыздың айрықша оқиғаларымен, тұлғаларымен сабақтастықта зерделейміз. Әрине, әр нәрсе өздігінен жүзеге аса қалмайды, бабалар тағылымын бүгінге жеткізуші, ең бірінші кезекте – білімді де отаншыл зиялы қауым.

Екіншіден, шақыруымызды қабыл алып, ғылыми ойларын ортаға салу үшін жиналған әлемнің түкпір-түкпірінен келген ұлтымыздың білімді азаматарына алғысымды білдіргіміз келеді. Алаш зиялыларының жан-жақты істерін зерделеуге сіздер де атсалыса аласыздар. Ал ол зерде, әсіресе біздің жастарымыз үшін өте қымбат.

Қазақ халқы қай заманда да дарындардан кенде болған емес. Сол дарындардың арқасында әлі күнге шаңырағы шайқалмай, өз болмысын аман сақтап, өзге елдермен тең дәрежеде ғұмыр кешіп келеді. Ұлт ұлылары салып кеткен сара жол бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналып отыр. Сондықтан олардың есімдерін ту етіп көтеру біз үшін биік парыз әрі өте маңызды іс болып табылады.