Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тілдер типологиясының негізгі ұғымдары

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Лингвистикалық типологияның негізгі ұғымдары


Жоспар

1 Лингвистикалық типологияның негізгі ұғымдары 3
1.1 Тілдік тип және тіл типі туралы ұғым 3
1.2 Изоморфизм мен алломорфизм ұғымы 4
1.3 Анықтау үшін әмбебаптар туралы және типологияның мәні туралы ұғымдары 4
1.4 Тіл-эталон туралы ұғым 6
Әдебиеттер 9

1 Лингвистикалық типологияның негізгі ұғымдары

1.1 Тілдік тип және тіл типі туралы ұғым

«Тіл типі» ұғымы тіл мамандарына әртүрлі ассоциациялар тудырады, өйткені лингвистикада осы уақытқа шейін белгілі бір тіл типін анықтауға сенімді негіз бола алатындай негізгі критерийлер әлі анықталған жоқ.
Қазір тіл білімінде типтің екі түрі бар. 1) тіл типі; 2) тілдегі тип.
Тіл типінің ұғымы тілдегі типтен кеңірек, ол жалпы ұғым болып табылады. Тіл типтеріне XIX ғасырдың тіл мамандары бөліп көрсеткен және қазіргі тіл мамандарының еңбектерінде өзінің қосымша сипаттарын алған жалғамалы, қопармалы, оқшаулаушы, полисинтетикалық типтер жатады.

1.2 Изоморфизм мен алломорфизм ұғымы

Көлемі мен масштабы әртүрлі жүйелердің ұқсастығын немесе үйлесімдігін табу типология үшін аса маңызды. Тіл құрылымының жекелеген буындарының, оны құрайтын жекелеген микро- немесе макро-құрылымдардың мұндай ұқсастығы немесе параллелизмі изоморфизм атауын алды.
«Изоморфизм» терминін поляк тіл маманы Е. Курилович сандардың екі жүйесінің ішкі құрылымының ұқсастығын, бара – барлығын білдіретін математикадан лингвистикалық айналымға кіргізген.

1.3 Анықтау үшін әмбебаптар туралы және типологияның мәні туралы ұғымдары

Тілдік нышандарды әмбебаптандыру проблемасы қазіргі лингвистикалық типологияның таяу арада жүзеге асырылуы кәдік негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Тіл білімі үшін жаңа мәселе болмағанымен лингвистикалық әмбебаптар бертінде ғана кеңінен тарады.
Тілдік әмбебаптар – тілдердің баршасына немесе көпшілігіне өртақ құрылым заңдылықтары.

1.4 Тіл-эталон туралы ұғым

Тіл-эталон ғылымға белгілі кезкелген тілді салғастыруға болатын өмием бірлігі үшін шартты түрде қабылданған тіл.
«Тіл-эталон» ұғымын Б.А. Успенский ұсынған. Тіл-эталон идеясы салыстыру ұғымынан шаққан. Типологияның негізінде жатқан кез келген салыстыру, яғни туралы ілім (сөздің кең мағысында) салыстыру негізінде құрылады.
Тіл-эталон немесе мататіл дедуктивтік негізінде бөлінеді. Б.А. Успенский тіл-эталон (матетіл) мен тіл-эталоннан нақты тілдерге және керісінше (түрлы деңгейлер үшін) трансформацияны анықтап, құрылым типологиялық құруға болады дей есептейді.
Тіл-эталонда лингвистикалық типологияға тән салыстыру негіздері тіркелуге тиіс. Сондықтан тіл-эталон ретінде көріне алатын тілдің әлдебір априорлы жүйесін құрастыруға талпыныс жасалуда.

Әдебиеттер

1 Аракин В.Д. Сравнительная типология английского и русского языков.: учеб. пособие для студентов пед. ин-тов по спец. «Иностр. яз.» – 2-е изд. – М. : Просвещение, 1989. – 254 с.
2 Буранов Дж. Сравнительная типология английского и тюркских языков: учеб. пособие для пед. ин-тов. – М. : Высш. шк., 1981. – 267 с.
3 Демесинова Н.Х. Сопоставительная грамматика казахского и русского языков. Синтаксис. – Алма-Ата, 1959. – 259 с.