Иван Васильевич Кутурга (Қазақша)
1924 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Добромысловка ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. Ұлты Украин, КОКП–ның мүшесі. Қызыл Армия қатарына 1942 жылдың қыркүйек айында шақырылған соң Орлов жаяу әскер училищесіне жіберіледі. Оқуын аяқтауға мүмкіндік болмай – 1943 жылдың ақпанында өз курсантарымен бірге Брянск майданына аттанады. Ұрыс даласын Белоруссия және Балтық маңында өткізді. Тильзита, Кенигсберг, Данцига қалаларын алуға қатысады. Барлаушы, артеллерист болып соғысады. Төрт рет жарақат алады.
Соғыстағы ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша Иван Васильевич Кутургаға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Кейін офицер Иван Васильевич Кутурга Баку қаласында тұрып, әскери кадр болып қызмет жасайды.