Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Философия

Тип: Баяндама

Объем: 9 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Қазақ философиясы


Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт іздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай – сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-бір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді.

Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге, прогреске шақырды. «Сот реформасы жазбаларында» Шоқан Патша өкіметі жүргізген сот реформасында бай, сұлтан, билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделінгенін, қазақ еңбекшілері солардың қанауында қалып, олардың озбырлығына жол берілгендігін әшкереледі. Сөйтіп, ол қазақ қоғамында үстем тап пен езілуші тап бар екенін айқындады.
Халық мүддесін іс жүзінде қолдау үшін 1862 жылы Шоқан Атбасар округіне аға сұлтан болып сайлануға әрекет жасады. Сол кезде Ф.М.Достоевскийге жолдаған хатында ол осы әркетін айта келіп: «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктер мен қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім - өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді», - деп жазды. Бірақ оның бұл мақсаты орындалмады, аға сұлтан болып сайланбады.
Дүниетанымдық көзқарасында Шоқан жалпы идеализм шеңберінен шыға алмағанымен, көпжағдайда материалистік көзқарасқа жақындады. Оның діни ұғымның тууы жөніндегі пікір өте құнды. Қазақ жерінді ол Ислам дінімен қатар шамандық дін кең орын алып отырғанын талдап көрсетті. Діннің гносеологиялық тамырын ашты. «Даладағы мұсылмандық туралы» деген еңбегінде: «Ислам діні қазақ халқының ойы мен сезіміне кедергі жасап, орта ғасырлық қараңғылықты уағыздайды, қазақ халқын орыс мәдениетінен бездіреді», - деп жазды. Ислам дінін таратушы татар молдаларын сынады. Қазақ халқының тез дамуы үшін қазақ жерлерінде орыс мектептерін ашып, ислам діні ықпалынан босату қажет деп көрсетті.

Бірақ Ыбырай Патша өкіметінің Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторларында дала облыстарын басқару жөніндегі 1868 жылы қабылданбақ болған уақытша ережесін сынға алды. Оның қазақ халқының тұрмыс салты, көшпелі өмір сүрген әдет-ғұрпын, шаруашылығын есепке алмай, оны күшпен отаршылыққа айналдырмақшы болған, артық жерлерін тартып алып, Ресейдің Орталық аудандарынан ауып келгендеріне бермекші болған әрекеттерін бүкпесіз ашық сынады. Ыбырай Алтынсарин былай деп жазды: