Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. ҚҰҚЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҰРҒЫСЫНАН ТҮСІНУ 5
1.1 Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну 5
1.2 Құқық әлеуметтік институт ретінде 8
1.3 Құқықтық әлеуметтанудың объектісі, пәні, әдісі, құрылымы және оның атқаратын қызметі 9
ІІ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫҢ ҰҒЫМЫ, ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ 10
2.1 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы 10
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде «неге?» деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
І. ҚҰҚЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҰРҒЫСЫНАН ТҮСІНУ
1.1 Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Қандай да бір ғылым болмасын,оның ішінде,әсіресе,қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болды.Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен,мұқтаждығынан пайда болғанын,ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары неде,халықтың материалық, мәдени,рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр,оның басқа қоғамдық құбылы - үдірістерімен, ғылымдар мен байланыс - қатынастары, болашақ даму бағыттары,қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арналуы теориялардың бірі – құқықтың әлеуметтік аспектілері сөз болмақ.Құқтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымы мен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болады.
Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой – пікір әлі жоқтың қасы.Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.
1.2 Құқық әлеуметтік институт ретінде
Бұл тұрғыда жалпы құқық әлеуметтік бүтіндіктің бір бөлігі ретінде қаралады. Құқық әлеуметтік мұқтаждықтың, талап – тілектің негізінде пайда болып, өмірге келді. Сондықтан ол қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сөйтіп қоғамның басқада әлеуметтік институттармен мәдениет, білім, саясат, экономика, бірлесе, байланыса отырып, қоғамның бірлігін, тұрақтылығын қамтамассыз етіп отырады.
1.3 Құқықтық әлеуметтанудың объектісі, пәні, әдісі, құрылымы және оның атқаратын қызметі
Қандай да бір ғылымның пәні зерттелетін нақты объектіні жан - жақты, терең бейнелейтін ұғымдардың жиынтығы болып табылады. Осыған сәйкес зерттеуші бір құбылысты, үдірісті немесе затты арнайы зерттегенде нақтылы объектіден бастап, ол объекті туралы ой - пікір туғызады.
Жоғарыда айтылған ғылымның объектісі және пәні туралы ұғым құқықтық әлеуметтануға да тікелей қатысты.
Құқық саласындағы әлеуметтік зерттеулердің мақсаты құқық пен қоғамның өзінің байланысын, құқықтық әлеуметтік функцияларын және заң нормаларының барлық деңгейде: қоғам деңгейінде, әр түрлі әлеуметтік таптар деңгейінде, ұжымдар, топтар мен тұлғалар деңгейінде әлеуметтік мінез - құлыққа трансформациялануын анықтау болып табылады.
Құқық әлеуметтануы зерттейтін мәселелер тобы:
ІІ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫҢ ҰҒЫМЫ, ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.
Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы», атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:
Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.
Неге менің бұл жұмысымда «құқық» түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: «Құқықтық норма» ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – «құқық» термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.