Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
Жоспар
1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар 3
1.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдерімен басқа адамдарға қарсы қылмыстар 3
1.1.1 Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау (318-бап) 3
1.1.2 Депутаттың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау (319-бап) 4
1.1.3 Өкімет өкілін қорлау (320-бап) 5
1.1.4 Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-бап) 6
1.1.5 Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (322-бап) 8
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар 10
1.2.1 Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз ету (330-бап) 10
1.2.2 Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау (330-1-бап) 11
1.2.3 Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру (330-бап) 11
1.2.4 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту (331-бап) 12
1.3 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар 13
1.3.1 Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу (323-бап) 13
1.3.2 Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру (324-бап) 15
1.3.3 Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу (325-бап) 18
1.4 Әскери қызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыс 20
1.4.1 Әскери қызметтен жалтару (326-бап) 20
1.5 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар 21
1.5.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе мемлекеттің әнұранын қорлау (317-бап) 21
1.5.2 Мемлекеттік туды заңсыз көтеру (329-бап) 22
1.5.3 Басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар. Өзінше билік ету (327-бап) 23
1.5.4 Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену (328-бап) 24
1.5.5 Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану (332-бап) 25
1.5.6 Байланыс желілерін күзету ережелерін бұзу (333-бап) 26
1.5.7 Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу (334-бап) 26
1.5.8 Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру (335-бап) 28
1.5.9 Қоғамдық бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы (336-бап) 28
1.5.10 Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе олардың қызметіне қатысу (337-бап) 29
1.5.11 Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету (338-бап) 30
Әдебиеттер 32
1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
1.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдерімен басқа адамдарға қарсы қылмыстар
1.1.1 Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау (318-бап)
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті-мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
1.1.2 Депутаттың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау (319-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі- Қазақстан Республикасы Парламентінің мемлекеттік заң шығару қызметіне баланысты ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбірленушісі Республика Парламентінің депутаты. Қылмыстың объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы, ауырлататын және аса ауырлататын түрлері бойынша Қылмыстық кодекстің 318-бабындағы көрсетілген құрамдағы белгілермен ұқсас.
1.1.3 Өкімет өкілін қорлау (320-бап)
Қызмет бабындағы міндеттерін атқарып жүрген кезінде немесе оны атқаруына байланысты жария қорлау туралы қылмыстық жауаптылық 320-бапта көрсетілген. Қылмыстың тікелей объектісін қызметтік міндеттерін атқарып жүрген немесе атқаруына байланысты өкімет өкілінің заңды қызметі болып табылады.
1.1.4 Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-бап)
Қылмыстық кодекстің 321-бабының 1-тармағында өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану немесе күш қолданбақ болып қорқыту үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі-өкімет өкілдерінің дұрыс басқару қызметі, ал қосымша тікелей объектісі олардың өзінің және жақын туыстарының өмірі мен денсаулығы. Бұлар қылмыстың жәбірленушісі болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан мына әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:
1.1.5 Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (322-бап)
Жаңа Қылмыстық кодексте жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға, сондай-ақ оның туыстарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді, осы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-әрекетіне байланысты белгілі болған адамның жария етуі қылмыс деп танылып, сол үшін жауаптылық көзделген (322-баптың 1-тармағы) Бұл норма бланкеттік, өйткені көрсетілген қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңда арнайы көрсетілген.
1.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар
1.2.1 Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз ету (330-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмайтындығын реттейтін қоғамдық қатынастар. Мемлекеттік шекараның түсінігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекара туралы заңында берілген. Қылмыс объективтік жағынан алғанда Қазақстан Республикасы күзетілетін Мемлекеттік шекарасынан белгіленген құжатсыз және тиісті рұқсатсыз әдейі заңсыз өту арқылы жүзеге асырылады.
1.2.2 Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау (330-1-бап)
Кейбір реттерде мемлекеттік шекара туралы заңды бұзып, өз бетімен Республика аумағына еніп, кері қайтпайтындарда кездеседі. Қылмыстың тікелей объектісі Қазақстан Республикасы шекарасына қол сұғылмайтын қатынастарды реттейтін қоғамдық қатынастар объективтік жағынан қылмыстық әрекет арқылы-Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберу туралы өкілетті органдардың шешімін орындамау арқылы жүзеге асырылады.
1.2.3 Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру (330-бап)
Көлік құралдарын не жалған құжаттар, не тұрғын немесе өзге де үй жай беру, сондай-ақ азаматтарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасы аумағы бойынша заңсыз келіп-кету, өту үшін өзге де қызметтер көрсету жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру заңсыз көші-қонды ұйымдастыру деп танылады. Қылмыстың тікелей объектісі-көші-қонды реттейтін басқару саласындағы қоғамдық қатынастар.
1.2.4 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту (331-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-күзетілетініне немесе күзетілмейтініне қарамастан Қазақстан Республикасы шекарасына қол сұғылмайтындығы. Қылмыстың заты-шекаралық белгі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара туралы заңында мемлекеттік шекараның көзге анық көрінетін шекаралық белгілер арқылы белгіленетіні айтылған.
1.3 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар
1.3.1 Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу (323-бап)
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі ресми құжаттар мен мемлекеттік наградаларды айналымға заңды түрде шығу тәртібін қамтамасыз ететін басқару қызметі болып табылады. Қылмыстың заты-ресми құжаттар және мемлекеттік наградалар. Құжат дегеніміз-мемлекеттік, қоғамдық немесе басқадай мекемелерден, ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан (мысалы, қолхат) шығатын белгілі бір оқиғаны немесе фактіні растайтын немесе жоққа шығаратын ж.т.б. (заңдылық мәні бар іскерлік қағаздар) анықтамалар, актілер т.с.с. болып табылады. Қылмыстық кодекстің 323-бабында көрсетілген қылмыстың затына кез келген құжаттар емес, тек қана ресми құжаттар жатады.
1.3.2 Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру (324-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-ресми құжаттардың айналым тәртібіне қол сұғу. Қылмыстың заты азаматтық төлқұжат, жеке басының куәлігі немесе жеке басының басқа маңызды құжаттары (әскери билет, білімі жөніндегі куәлік, зейнетақы куәлігі, қызметтік куәлік т.с.с. ресми құжаттар, мөртаңбалар, мөрлер.
1.3.3 Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу (325-бап)
Көрсетілген қылмыстың қоғамға қауіптілігі қолдан куәліктер мен құжаттарды жасау, өткізу, сондай-ақ қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды дайындау арқылы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпорындардың немесе мекемелердің заң қорғайтын мүдделеріне елеулі нұқсан келтіріледі.
1.4 Әскери қызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыс
1.4.1 Әскери қызметтен жалтару (326-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-әскери қызметке шақырылу тәртібі болып табылады. Объективтік жағынан алғанда қылмыс әскери қызметтен босату үшін заңды негіздер болмаған кезде осы қызметке шақырудан жалтару арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген қылмыс әрекет немесе әрекетсіздік күйде жүзеге асырылады.
1.5 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар
1.5.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе мемлекеттің әнұранын қорлау (317-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-Қазақстан Республикасының басқару тәртібі, Мемлекеттік рәміздерінің беделі. Қылмыстың заты-Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік әнұран. Мемлекеттік ту- Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттігінің ресми рәміздері болып табылады.
1.5.2 Мемлекеттік туды заңсыз көтеру (329-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі және заты Қылмыстық кодекстің 317-бабында көрсетілген қылмыс құрамына ұқсас. Объективтік жағынан алғанда қылмыс Қазақстан Республикасы мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтеру арқылы сипатталады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туын көтерудің тәртібін белгілейтін арнаулы Ереже бар.
1.5.3 Басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар. Өзінше билік ету (327-бап)
Өзінше билік ету, яғни заңмен белгіленген тәртіпке қарамастан, басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіретін өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыруы өзінше билік ету деп танылып, кінәлы адам Қылмыстық кодекстің 327-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.
1.5.4 Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену (328-бап)
Бұл қылмыстың келтіретін зияны- жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иеленген адам қылмыстық іс-әрекет жасау арқылы мемлекеттің өкімет немесе басқару органының беделін түсіреді, жұрт алдында мұндай органдардың дұрыс қызметіне орасан зор нұқсан келтіреді.
1.5.5 Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану (332-бап)
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың ерекше бір түрі-Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен айырым белгілерін, сол сияқты Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест атауын заңсыз пайдалану болып табылады (332-бап). Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест ұйымдарына зор міндеттер жүктелген.
1.5.6 Байланыс желілерін күзету ережелерін бұзу (333-бап)
Қылмыстың бұл түрі қалалық байланыс желілерін бұзу нәтижесінде ақпарат алу немесе ақпарат беру мүмкіндіктерін жойып белгілі бір қауіп туғызады. Қылмыстың тікелей объектісі-байланыс желілерін күзету тәртібін белгілейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-қалааралық байланыс кабелі.
1.5.7 Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу (334-бап)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға қақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін. Осыған орай осы көрсетілген құқықтарды пайдалану үшін алдын ала өкімет органдарымен келісіп алып, оны ұйымдастыру мен өткізу тәртібін қатаң сақтау қажет.
1.5.8 Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру (335-бап)
Аталған қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол төтенше жағдай туралы заңға сәйкес тыйым салынған ереуілді басқарып, ұйымдардың жұмысының дұрыс жүруіне кедергі келтіріледі. Қылмыстың объектісі болып белгіленген төтенше жағдай туралы заңды бұзу және ұйымдардың басқару қызметіне кедергі жасау болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс әрекет күйінде жасалады.
1.5.9 Қоғамдық бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы (336-бап)
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың заңды қызметіне кедергі жасауы немесе мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын иемденуі, сол сияқты мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құру егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса-іс-әрекет қылмыс деп танылып, кінәлы Қылмыстық Кодекстің 336-бабы бойынша жауапқа тартылады.
1.5.10 Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе олардың қызметіне қатысу (337-бап)
Қызметі азаматтарға зорлық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық міндеттерін орындаудан бас тартуға немесе құқыққа қарсы өзге де әрекеттер жасауға түрткі болған діни немесе қоғамдық бірлестіктер құру немесе оған басшылық жасау, сол сияқты діни негіздегі партия, не шет мемлекет немесе шетел азаматтары, немесе шетелдік не халықаралық ұйымдар қаржыландыратын саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар құру немесе оған басшылық жасау көрсетілген қылмысты істеуге жатады.
1.5.11 Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету (338-бап)
Басқа мемлекеттердің саяси партияларын немесе кәсіптік одақтарын қаржыландыру, үй-жай немесе мүлік беру, сол сияқты өзге де жәрдем көрсету, егер бұл әрекеттер азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соқса, кінәлы адам қылмыстық жауаптылыққа Қылмыстық Кодекстің 338-бабы бойынша тартылады.