Предмет: Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы
Тип: Бақылау жұмыс
Объем: 13 стр.
Год: 2011
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
Жоспар
1 Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы 3
1.1 Қылмыстық-атқару заңнамасының түсінігі, мақсаттары, міндеттері мен нысандары және қайнар көздері 3
1.2 Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен құрылымы 6
1.3 Қылмыстық-атқару құқық қатынастары 9
Әдебиеттер 13
1 Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
1.1 Қылмыстық-атқару заңнамасының түсінігі, мақсаттары, міндеттері мен нысандары және қайнар көздері
1998 жылдың 1-ші қаңтарында заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-атқару кодексі, бұрынғы Қазақстан ССР-і Еңбекпен түзеу кодексіне қарағанда қылмыстық жазалаудың барлық түрлерінің орындалуын реттейді.
Осы кодекстің 1-бабында: «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқару мен өтеудің тәртібін және жағдайларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерден тұрады» -деп көрсетілген.
Яғни, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары болып саналады:
1.2 Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен құрылымы
Қылмыстық-атқару норма құқық саласының негізгі элементі, оның бірінші деңгейі болып есептеледі. Қылмыстық-атқару құқығының нормасы дегеніміз субъектілердің тиісті мінез-құлық үлгісін және қатысушылардың құқықтық қатынасын анықтайтын заңда көрсетілген баптар. Нормаларда жалпыға бірдей міндетті ереже қойылады, қоғамдық қатынас реттеледі.
Құқық нормалары құрылымы үш бөлімнен тұрады: гипотеза, диспозиция, санкция.
Гипотеза дегеніміз нормаларды қолдану жағдайын көрсететін баптың бір бөлігі.
1.3 Қылмыстық-атқару құқық қатынастары
Қылмыстық жазаны атқару негіздемесі соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы, сондай-ақ рақымшылық немесе кешірім жасау актісі болып табылады.
Үкімнің заңды күшіне енуімен және осы үкімнің атқарыла бастаған күнінен бастап мемлекеттің арнайы мекемелері мен органдарының жазаны орындауға құқықтары пайда болады. Сотталған адам өз кезегінде құқықтық шектеуге көнуге міндетті және түзеу шараларын қолдануды басынан өткеруі тиіс. Сөйтіп, екі жақтың арасында белгілі бір құқық қатынасы пайда болады.
Қылмыстық жазаны атқаруда туындайтын құқықтық қатынастардың әр алуан түрлері болады: