Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Экологияның экономикалық құқықтық мазмұны


Жоспар
Кіріспе 3
1 Экологияның экономикалық құқықтық мазмұны 6
1.1 Нарық жағдайында экологияның экономикалық құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары 6
1.2 Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық аспектісі 10
Қорытынды 19
Пайдаланған әдебиеттер 20

Кіріспе
Бүгінде Жер атты халқы планетаны мекендеген адамзат баласының алдында оның болашағын айқындап, шешуші екі проблема тұр. Оның бірі – ядролық соғыс қауіпі болса, екіншісі күннен – күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық қатер дейміз. Бұл екеуі де әлде бір құдірет күшінің әсерінен емес, адам баласының өз санасының әсерінен емес, адам баласының өз санасының әмірімен дүниеге келгенін материалистік тұрғыда ойлайтындардың кез - келгені түсінеді. Түсінеді де, өз қолымен жасағанын өз мойнымен көтеру түн ұйқысын төрт бөліп дөңбекшиді, төніп келген төтенше қатерден шығудың жолдарын іздеп шарқ ұрады. Осы бір жан ұшырған, жанталасқан адамды ертегіде айтылатын қырық бірінші құпия есікті ашып алып, енді соны жаба алмай әлектенген байғұспен ғана салыстыруға болар еді. Бүгінгі экологиялық тепе-теңдік жолындағы жаппай дамудың түп-тамырын, табиғат тазалығы жолында көпшілік қозғалысының себеп-салдарын, міне, осы төңіректен іздестіру керек шығар.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды.

1 Экологияның экономикалық құқықтық мазмұны
1.1 Нарық жағдайында экологияның экономикалық құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары
Қозғалыс табиғатты қорғау жөнінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететін мәселе болып табылады. Адам мен табиғаттың қарым – қатынасы экологиялық – экономикалық қатынас ретінде қарала бастады.
Біздің республикамыздың территориясы көлемі жағынан әлемде алтыншы орындыға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99 – ы табылды, 70 – інің қоры зерттелді, өндірісте 60 – тан пайдаланылуда.
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі – түсті металлургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан – магний өндірісі, қара металлургия:

1.2 Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық аспектісі
Адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында жүретін «зат алмасусыз» мүмкін емес. Алайда бұл алмасу қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Өкінішке орай, адамда «бәрін бағындырам» деген қиял пайда болады. Ғасырлар бойы адамдар жасаған өндіріс құралдары қазір дамудың жоғары деңгейіне жетті. Енді сол жетістік адам денсаулығына жер бетіндегі тіршілік дүниесіне зиян келтіруде. Оның бір себебі әлі күнге дейін материалдық өндірісте объективті баға үшін жеткіліксіз екі өлшемді әлеуметтік, экономикалық әдіс қолданылды. Мұның орнына көрсеткіштер мен факторлардың үш өлшемді әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жүйесіне көшу қажеттігі әлдеқашан дәлелденген. Бірақ экономистер мен экологтар арасында экологиялық проблемаға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарама – қайшы, бірін – бірі жоққа шығаратын пікірлер көп.