Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I-ТАРАУ. Бағалы қағаздар туралы жалпы шолу 5
1.1 Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы 5
1.2 Құнды қағаздар рыногының қажеттілігі 6
II-ТАРАУ. Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы 7
2.1 Құнды қағаздардың түрлері, қызметтері және мәні 7
2.2 Бағалы қағаздардың құқықтық қатынастарда алатын орны 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

КІРІСПЕ
Құнды қағаздар, ең алдымен, мүлікті иеленуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін:
- Не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі;
- Не есепшотқа енгізілген жазу түрі.
Егер басқа адамға иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып келеді. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды.
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту қоғамдық өндіріс сипатын өзгертуде. Олар меншік қатынастары шаруашылық субъектілерінің құрылымы қаржылық байланыстарының формалы: қоғамның мүдделігінің дәрежесі.
Нарық күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол, бір жағынан, тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтық өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал, бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады.

I-ТАРАУ. Бағалы қағаздар туралы жалпы шолу
1.1 Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы
Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы меншік айналымының объекті тарихи кезеңімен тікелей байланысты болып келеді. Өте ерте кезеңде адамдар бір тарихи формациядан екінші формацияға өткенде, олар тауар мен ақшалардың басқаша орналастыру қажеттілігін алды, бірақ бұл басқаша орналастыру тәсілі тиімсіз болды.
Бұл жолды, ең бірінші, юристтер б.э.д. 4-5 ғасырда тауып, оны былай көрсеткен:
Аңғарғандар құжаттар, куәланған нақтылы келісімнің өздері айналдыру, ерекше руға тауар, құндылықтардың ерекше жүйесін, сөз өзіне меншікті мәнінде тауарлармен емес, ақшалармен емес сәйкес келмеушілердің. Құжаттар соған дейін келісімдер туралы орындалып жатқанда сазды және балауыздарды табличкаларда, папирусте немесе пергаментте, олар кең таратуын алған жоқ.

1.2 Құнды қағаздар рыногының қажеттілігі
Құнды қағаздар нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделеді. Бұл құнды қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәләлдейді. Бірақ, құнды қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды.
Құнды қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.

II-ТАРАУ. Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы
2.1 Құнды қағаздардың түрлері, қызметтері және мәні
Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, векселдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды неліктен жалған капитал деп атаған.
Оған қандай себеп болған?
Біріншіден, табыс – көзі тауар өндірісі. Ал, бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі.Ал, құнды қағаздар өндірістен тыс тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады.Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формуладан аңғару қиын емес.
Тауар айналымы (Т-А-Т) формуласындағы бірінші акт (Т-А) тауарды сату басқа керекті тауарды сатып алу мақсатында жүрізіледі, яғни қажеттілік керек тауарды сатып алу арқылы өтеу. Ал, капиталдың айналымы (А-Т-А).

2.2 Бағалы қағаздардың құқықтық қатынастарда алатын орны
Азаматтық құқықтық объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

ҚОРЫТЫНДЫ
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне ақша қорын жасауына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып, осы қорды үнемді, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығы – нарықты экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.
Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды толығынан реттеп жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын-ала дайындалған концепцияға жүргені дұрыс деп ойлаймын.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Б. Кашенова «Ақша Несие Банктер» Валюта қатынастары. Алматы «Экономика» 2000 ж.
2. А. Кашенова «Бағалы қағаздар нарығы» Алматы «Экономика» 2000ж.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы желтоқсан №1424 қаулы Ресми газет 2003 ж. 25 қаңтар.
4. Мұқаметтей М. «Акция бізге береді» Алматы ақшамы 2001 ж. 7 маусым.
5. Ешкив Г. «Басты бағдар сенімге ие болу». Қаржы-қаражат 2000ж. №7,10,5.
6. Красавчикова Л.О. Гражданское право, 1998 ж. Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие, Алматы 1999 ж.