Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 47 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Пластикалық карточкалармен есеп айырысу


Жоспар
Кіріспе 3
І. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама 6
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері 6
1.2 Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы 12
ІІ. Банктік карточкалармен есеп айырысу 18
2.1 Банктік карточкалар бойынша операциялар 18
2.2 Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті 20
2.3 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пластикалық карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуына талдау жасау 34
III. Қазақстандағы «Карточкалық бизнесті» енгізудің мәселелері мен перспективалары 38
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін зерттеу 38
3.2 Қазақстан Республикасында пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы мәселелер мен шешу жолдарын қарастыру 40
Қорытынды 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 45
Қосымша 47

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.

Жұмыстың нәтижелері. Төлем карточкалар ұғымының мәні мен ерекшеліктері дәлірек дәлелденген, төлем карточкалар нарығындағы электронды құрылғылардың рөлі анықталды.
Қазақстанда төлем карточкаларының шығарылуы мен пайдаланылуына рұқсат беретін жалғыз орган Ұлттық банк болып табылады. Қазақстандағы төлем карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші шығарылымы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ИртышCаrd жүйесімен жүзеге асырылды. Республика территориясында айналыста жүрген карточкалардың саны соңғы екі жылда 3,6 есеге өскен. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары болып «Visa» және «Eurocard-Mastercard» табылады. Олар арқылы 300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі.
Зерттеу көрсеткіштері болып төлем карточкалар нарығының дамуы туралы отандық және шетел авторларының кітаптары мен журналдары табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, жеті бөлімі бар үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады.

І. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен есептеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады. Пластикалық карточкалар шартты түрде:

ІІ. Банктік карточкалармен есеп айырысу
2.1 Банктік карточкалар бойынша операциялар
Visa төлем карточкалары
Бұл төлем жасаудың және қолма-қол ақша алудың әмбебап құралы. Төлем карточкасын пайдалану сізді қолма-қол ақша алып жүру қажеттігінен босатады, ал бұл сіздің қауіпсіздігіңізді, сондай-ақ сауда және сервис орындарында қызмет көрсетудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Төлем карточкалары өзіңіздің қай елде жүргеніңізге қарамай, карточкалық есепшотыңыздағы ақшаны тәулік бойы әрі жедел алуыңызға мүмкіндік береді. Карт-есепшоттың заңсыз пайдаланудан жоғары деңгейде қорғалуы қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Барған елдің валютасымен сауда жасаған кезде, сома тиімді бағаммен карт-есепшот валютасына автоматты түрде айырбасталады.

2.2 Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті
Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті — төлем ұйымымен жасалған келiсiм негiзiнде эмитент пен эквайрлер арасындағы өзара есеп айырысуды жургiзетін несиелiк ұйым.
Банктiк карточканы ашу үшiн клиент бекiтiлген нысандағы өтiнiштi ұсынады және банк онымен келiсiм жасайды. Банктiк карточкалар негiзгi екi операцияны жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi: тауарларды (кызметтi) төлеу және банкоматтар арнайы автоматгық құрылғылар немесе ҚАА — колма-кол ақша каржыларын алу. Казiргі кезде аталған операцияның екеуiн жүзеге асыратын карточкалар (әмбебап карточкалар) кең тараған, алайда тек колма-кол ақша каржыларын алуға немеса тек тауар немесе қызметтердi төлеуге негiзделген карточкалар да қолданылуда.[13]

2.3 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пластикалық карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуына талдау жасау
Қазіргі кезде коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларының көмегімен қол жеткізуге болатын операциялар:
 Қолма-қол ақша алу;
 Мобильдік байланыс, кәбілдік теледидар, Қазақтелеком қызметі үшін ақы төлеу, қалада қол жеткізуге болатын басқа да төлемдер;
 Банктердің бір карточкасынан екіншісіне ақша аудару - «Card to Card»;
 «Карточкалық депозитте» ақша жинақтау;
 Карточка бойынша несие лимитін ашу;
Пластикалық карточкасын пайдалану арқылы шетелдік валютаны сатып алу төлемді сатылған шетелдік валютаны банктің бағасы бойынша сатып алынған шетелдік валютаның сомасына сәйкес теңгемен жүзеге асырылады.

III. Қазақстандағы «Карточкалық бизнесті» енгізудің мәселелері мен перспективалары
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін зерттеу
Дамыған шет мемлекеттердегі халықаралық төлем карточкалары көптеген қаржы ұйымдары реттеп отырады. Оның ішінде халықаралық валюта қорының маңызы зор.
Халықаралық Банктік карточкалар (несиелік, пластикалық, т.б.) –өзінің иесіне көрсетілген соманы шетелден тауар сатып алғаны және қызмет көрсету үшін төлем жасауға рұқсат беретін ақша құжаттары. Халықаралық есеп айырысуда 1999 жылдан бастап доллармен қатар ЕО ортақ валютасы – еврода кеңінен қолданыла бастады.

Сурет 1 – Айналыстағы төлем карточкаларының құрылымы
Ескерту – Автор диаграмманы Ұлттық Банк мәліметтері негізінде құрастырған
Суреттен көріп отырғанымыздай, халықаралық төлем карточкалары қолданыс аясына еніп, үлес салмағының артуы, жергілікті төлем карточкаларының төмендеуіне себеп болып отыр. 2000 жылы 100% жергілікті карточкалар айналыста болса, берілген мерзім ішінде оның үлесі 5%-ға дейін күрт азайған, бұл 20 есеге төмендікті білдіреді. Жергілікті карточкалардың арасында Altyn Card жүйесінің карточкалары кеңінен қолданылады (оның үлесі 2,1%). 2009 жылы елімізде 7391 сауда кәсіпорыны оның төлем карточкаларын қолданған, бұл 2008 жылдан 38,5%-ға артық.

3.2 Қазақстан Республикасында пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы мәселелер мен шешу жолдарын қарастыру
Қазақстандық кейбір мерзімді баспасөзде Қазақстандағы пластикалық карточка клиенттерінің аталған жүйеде немесе банкоматта жиі қайталанатын кідірістер, сатушылардың тауарға немесе қызметке пластикалық карточкамен төлеудегі бас тартушылық, пластикалық карточкалармен операцияларды халықаралық төлем жүйелерімен, әлемдік экономикалық дағдарысқа орай эмитенттелген банктермен блоктау тәрізді проблемалармен ұшырасып отырғандығы жазылуда, бірақта әлемдегі ең басты проблема пластикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады.
Мәселен, пластикалық карточкаларды қолдан жасауға байланысты банктердің жоғалтқандары соңғы жылда 25 есе артып кетті.

Қорытынды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 8,2 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны – 7,7 млн. адам болды. (2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 14,5% және 14,1%-ға артқан). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 97,9%, ал, жергілікті жүйе карточкаларының үлесі – 2,1%. 2009 жылы 1-ші қыркүйекте бұл арақатынас 97,9% және 2,1% құраған болатын.