Н. Байғанин және Ұлы Отан соғысы
Ұлы Отан соғысы басталған кезден-ақ кеңес халқының барлық еңбекшілері өз еңбектерін майдан және жеңіске арнады. Ел арасындағы ақындар, жыршыларда өз шығармашылықтарын майдан мен жеңіске бағыттады. Солардың бірі - актөбелік халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғанин болатын. Өмір бойы халықтың ерлігін, ел қорғаған қаһарлы батырларын жырлап келген ақын Ұлы Отан соғысы тұсында өзінің шығармашылығындағы осы ерекшелігін тағы да өжет рухпен бар қырынан айқын көрсетеді. Сөйтіп ақынның ерлікті, батырлықты, үлкен ақындық, абыздың тебіреніспен толғауы Ұлы Отан соғысы кезінде кеңес халқының қимылын бейнелеуімен ұштасады және осы тұста эпик ақынның шығармашылық өнері ерекше қанат жаяды.
Ақын поэмаларының ішіндегі айрықша көзге түсетіні «Ер туралы жыр» мен «Жиырма бес». Бұл поэмалардың басты батырлары - Мәскеуді неміс фашистері басқыншыларынан қорғауға қатынасқан даңқты 28 батырдың бірі Кеңес Одағының Батыры Нарсұтбай Есболатов пен Отан қорғауда көрсеткен ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағына ие болған Төлеген Тоқтаров /3/.
Сөйтіп ақынның сюжеттік поэмаларында кеңес халқының Ұлы Отанға деген ең ардақты асыл қасиеттері, яғни батырлық, қаһармандық күресте көрсеткен ерлік әрекеттері - кеңес адамдарының бойына біткен негізгі табиғи қасиеті ретінде айрықша аталып, анық ақындық өнер тұрғысынан суреттеледі.