Астана қаласының көшелері
Абай даңғылы
Абай даңғылы К. Күмісбеков көшесінен басталып, А.Пушкин көшесінде аяқталады. Ол Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш.Уәлиханов, Ә.Сембинов, Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5280,6 м.
Абылай хан даңғылы
Абылай хан даңғылы Кенесары көшесінен басталып, Қарағанды-Астана тасжолына дейін жалғаcады. Ол І.Жансүгірұлы, Мақтымқұлы, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Арқайым, Бурабай, Еділ
Б. Момышұлы даңғылы
Бұрынғы атауы – 13-магистральды автожолы. Б.Момышұлы даңғылы Сарайшық көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. М.Жұмабаев, Манас даңғылдарын және Қызыларай, Сырымбет, Қордай,
Бөгенбай батыр даңғылы
Бөгенбай батыр даңғылы Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3611,7 м.
М. Жұмабаев даңғылы
Бұрынғы атауы – М.Жұмабаев көшесі және №1 даңғыл. М.Жұмабаев даңғылы Абылай хан даңғылынан басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Б.Момышұлы даңғылын және Қажымұқан, М.Төлебаев, Сұлутөбе, Талғар, Обаған, Жанкент, Балқантау, Таскескен көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3197 м.
А. Байтұрсынов көшесі
А. Байтұрсынов көшесі Шыңтас орамынан басталып, Қарасай батыр, Конституция, М. Дулатов, Абат-Байтақ, С. Қожахметов, М. Жәлел, Шақпақ көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2447,8 м.
А. Затаевич көшесі
А.Затаевич көшесі І.Есенберлин көшесінен басталып, Г.Потанин, Бекетай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1281,6 м.
А. Пушкин көшесі
Бұрынғы атауы – А.Можайский және Л.Гумилев көшелері. А.Пушкин көшесі Ж.Тәшенов көшесінен басталып, А.Жұбанов, Жәнібек тархан, Кенесары көшелері мен Абай даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 4917,2 м.
Александр Сергеевич Пушкин (1799-1837) – орыс классикалық әдебиетінің негізін қалаушы, ақын. Қазақ даласында А.Пушкин мұрасына алғаш айрықша көңіл аударып, қазақ халқына танытқандардың қатарында Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев болды.
Айыртау көшесі
Бұрынғы атауы – №34 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Айыртау көшесі Ақсуат көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 149,7 м.
Айыртау – Ақмола облысы Арықбалық ауданының солтүстігіндегі Имантау мен Шалқар көлдерінің аралығында орналасқан тау.