Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде


Мазмұны

Кіріспе 3

I-бөлім. Менеджмент туралы жалпы түсінік 5
1.1 Менеджменттің мәні 5
1.2 Менеджменттің қызметінің түрлері 10

II-бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде 15
2.1 Менеджменттің мәні 15
2.2 Менеджменттің әр түрлілігі 17

III-бөлім. Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент 20
3.1 Менеджмент іс - әрекетінің бағыты 20
3.2 Қазақстандағы менеджменттің методологиялық негіздері 20

Қорытынды 24

Пайдаланылған әдебиеттер 25

Кіріспе

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

I-бөлім. Менеджмент туралы жалпы түсінік

1.1 Менеджменттің мәні

Менеджмент ұғымы 19 - шы ғасырдың аяғында пайда болды. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзінен шығып, ағылшында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. билік және басқару өнері;
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. басқару органы, әкімшілік бөлігі
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылар, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.
Жеке кәсіпорын, өзінің праволық формаларына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлерінен іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу, немесе рынок арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешелігі, олар өзінің барлық шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделді.

1.2 Менеджменттің қызметінің түрлері

Менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т.б.) басталған мезетте пайда болды.
Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз - мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің қызметінің негізгі алты түрі тармақталады.

II-бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде

2.1 Менеджменттің мәні

Менеджмент кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметтерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.
Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатнастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпаративтік бизнеспен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарна қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлде қайда тиімді пайдалануды және интеграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.
Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен іс тәжірибесі.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

III-бөлім. Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент

3.1 Менеджмент іс - әрекетінің бағыты

Менеджмент мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
1) экономикалық
2) әлеуметтік – психологиялық
3) құқықтық
4) ұйымдық – техникалық
Экономикалық бағыттың мәні - өндірісті процесті басқару. Мұндай жағдайдағы менеджер қызметі аз шығындала отырып, материалдық және еңбек ресурстарын координациялау.
Әлеуметтік – психологиялық бағыт – басқарудың барлық деңгейіндегі менеджерлерді біріктіру.
Басқарудың төменгі және орта деңгейіндегі менеджерлердің қызметі және жұмысшылар мен коллектив арасындағы дұрыс өндірістік қатынастар орнатуға бағытталған.
Менеджментің құқықтың бағыты – фирманы құру бойынша заңдар, кедендік және салықтық саясат, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу бойынша заңдарды қамтиды. Менеджерлердің ұйымдық – техникалық міндеттерді тағайындау, ресурстармен жабдықтау, жұмысшылар еңбегін жетілдіру және т.б. қамтиды.
Менеджментің 3 кезеңі белгілі:

3.2 Қазақстандағы менеджменттің методологиялық негіздері

Экономика дамыған қазіргі таңда менеджер қызметі ең кең таралған, қажетті бағыттыражың бірі. Сондықтан Қазақстанда практика жүзінде қолдану және теориялық жағынан оқытуға негіз бар, себебі Қазақстан жаңа экономикалық қатынастар мен әлеуметтік – экономикалық басқару жүйесіне көшуді бастаған болатын. Осы тұрғыдан менеджмент негізінің теориялық – методикасын терең оқыту және басқару жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде практика жүзінде қолдану қажет.
Менеджмент – нарықтық экономика кезінде жеке субъектіге қажетті ерекше басқару түрі деп түсіндіріледі. Бұл түрі экономиканың алғашқы жүзеге асырылатын фирма, мекеме нарықтық жағдайда қызмет ететін, менеджменттің экономикалық механизмінің әдісін қолдану қызметі. Осы жағынан келгенде, менеджмент нарықтық экономика жағдайында басқару деп атауға болады. Бұл мынаны білдіреді:

Қорытынды

Қоғамдағы экономикалық байланыстың дамуы мен өндірістік масштабтың өсуі басқару процесін қиындатты. Нарықтық байланыста дамығанға дейін басқару функциялары универсалды сипатқа ие болды. Өндірісті басқару өндіріс құралдарының иелері арқылы жүргізіледі, бірақ капиталды концентрациялау процесінде қоғамдық өндірістің жаңа ұйымдық формалары пайда болды, мұның өзі басшылық еңбектің жеке түрлерін басқару функцияларын кеңейтті.
Басқару объектілері ретінде қоғамдық өндірістің әр түрлі ұйымдық формалары танылады: салалар, бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, мекемелер, жеке еңбектік қызмет немесе ұйымдар.
Дамыған экономика қоғамдық еңбекті нақты пропорцияларда тарату қажеттілігін тудырады. Жеке сферамен өндіріс саласы халық шаруашылығының құрамдас бөлігі бола отырып жеке комплексті құрайды. Сондықтан, өндірісті басқару қоғамдық өндірістік мекемелер мен салалар, сфераларды ұйымдастыру бойынша жоспарланған қызмет.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Макаров С.Ф. Менеджер за работой.-М., моладая гвардия, 1989. (26 – 29 бет)
2. Руководитель коллектива. Наше общество сегодня и завтра. –Л., 1924-23 ст.(20 – 25 бет )
3. Бобрыщев Д.Н. Основные категориитеории управления. М.: 1988-189 ст.(30 – 35 бет )
4. Гвишиани Д.М. Организация и управление. М. Наука, 1972-535 ст. .(120 – 128 бет )
5. Оксфордский учебный словарь английского языка (А.С. Хориби – Оксфорд: Изд-во Оксвордского ун-та, 1974-англ. яз). .(13 – 15 бет )
6. Шағын кәсіпкерлікті басқару. О. Сәбден. А. Тоқтанова. «Білім». Алматы, 2002 ж. .(32 – 35 бет )
7. ҚР-сы Президентінің 1997 жылы 6 наурыздағы «Шағын кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту және белсендіру шаралар туралы» жарлығы Казахстанская правда. 1997ж. .(3 – 4 бет )
8. Экономика предприятия. В. П. Грузинов. В. Д. Грибов. Финансы и статистика. Москва, 2001г. .(12 – 18 бет )