Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2015

Предварительный просмотр

Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Мемлекет және құқық теориясының пәні 4
1.1 Пәнінің мазмұны 4
1.2 Функциялары 5
2 Мемлекет және құқық теориясының әдістері 8
3 Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы 13
4 Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны 18
4.1 Ғылымды бір идеологиялық шеңберінде жүргізудің зияны 20
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
ҚОСЫМШАЛАР 25

КІРІСПЕ
Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады.
Соңғы жылдары дүние жүзі қауымдастықта тыныс-тіршілік еткен халықтар арасында гуманитарлық ғылымдарға деген құштарлық арта түсті. Бүкіл адамзат тарихын, оның әр кезеңдерде қалыптасқан саяси, құқықтық, әлеуметтік және этникалық ерекшеліктері, тәжірибелерімен жетік танысу, оқып үйрену, болашақта гуманизм мен өркениет идеясына негізделген құқықтық, демократиялық мазмұндағы мемлекет құруға кеңінен жол ашады. Себебі адамзат тарихында болған мемлекеттердің саяси құрылымдары мен құқықтың жүйелерінің мәнін, мазмұнын, ішкі қозғалысының даму диалектикасын зерттеу, оқып үйрену – тиімді басқару формасын, билік жүргізудің оңтайлы жүйесін және халық мүддесіне сай келетін құқықты қабылдауға тікелей мүмкіндіктер береді.

1 Мемлекет және құқық теориясының пәні
1.1 Пәнінің мазмұны
Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория – мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді. Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне айналады. [2]
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы санқырлы күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағы, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.

1.2 Функциялары
Мемлекет пен құқық теориясы іргелі-терең ғылым ретінде бірнеше функциялар атқарады: [6]
Онтологиялық функция – (гр. – шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.
Гносеологиялық функция – (гр. – білім, теория) таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
Эвристикалық функция – (гр. - табу) заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.

2 Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және методика. Теория – ғылымы нені зерттейді? – деген сұраққа жауап береді. Метод – ғылымы қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен метод өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл объективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәжірибеде дәлелденген.
Қоғамның мазмұнын, объективтік даму процесін ғылыми зерттеуде теория мен методиканың маңызы өте зор. Онсыз ғылымды дұрыс зерттеу, дұрыс ғылыми қорытынды жасау мүмкін емес. Методологияның екі түрі болады: Жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-тәсілді – ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның материалистік және диалектикалық заңдарына сүйене отырып жүргізіледі. [3]

3 Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы
Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: [15]
1) техникалық ғылымдар;
2) жаратылыстану ғылымдары;
3) гуманитарлық ғылымдар.
Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, әлеуметтік қатынастар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары – гуманитарлық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық әлеуметтік институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады:
- мемлекет және құқық теориясы;
- тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы);
- салалық заң ғылымдары (конституциялық, азаматтық, қылмыстық және т.б. құқық салалары);
- қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.).

4 Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе, бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана-сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты адамның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы.
Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады. [13]

4.1 Ғылымды бір идеологиялық шеңберінде жүргізудің зияны
Қоғамның барлық саласының мазмұнын түсініп-білу үшін ғылымға бостандық керек. Оны саясатпен, идеологиямен бұғаулауға болмайды. Ғылым еркін болған жерде ғана дұыс, қарқынды дамып, жақсы нәтиже береді. Ғылымның даму процесінде толып жатқан кедергі нышандар да кездеседі: саяси, идеологиялық, мемлекеттік, құқықтық шектеу, қаржы жетпеу, материалдық базасы нашар болу, мамандардың жетіспеуі т.б.
Ғылымға зор зиян келтіретін кедергілер:

ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория – мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді. Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне айналады.