Саяси партиялардың тегі
Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды.
Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:
1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы.
Саяси партияның мәні
Кез келген саяси партияның мәні оның кімнің мүддесін қорғайтынында, білдіретінінде. Саяси партия белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа мүдделердің саяси, мемлекеттік деңгейдегі өкілдігі болып табылады. Бұл оның жеке, кәсіптік, корпоративтік, аймақтық, яғни тар мүдделерді білдіретін әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан ерекшелендіретін басты айырмашылығы. Саяси партияның мәні оның функцияларынан көрінеді.
Саяси партияның функциялары:
Партиялық жүйелер және олардың типологиясы
Болашақта өз қызметінде өзара байланысты саяси партиялар партиялық жүйе құрады, ол олардың еңберінде – партиялық коалиция құрады.
Партиялық жүйе – бұл өз алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылатын партиялардың күресу механизміне ынтымақтастығы.
Партиялық жүйелер:
Қазақстан Республикасында көп партиялық қалыптасу мәселелері
ТМД елдері үшін қоғамдық қозғалыстарды саяси партияларға түрлендіру үрдісі тән. Демократия билікті жүзеге асыру формасы ретінде қоғамда міндетті әртүрлі мүдделердің болуын көздейді, сондықтан көп партиялылықтың болуы соған ғана тән. КСРО құлап, саяси сахнадан КОКП кеткеннен кейін Қазақстан Республикасында көп партиялықтың қалыптасуына нақты мүмкіндіктер пайда болды.