Еңбек құқығының субъектілері
Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері. Кез келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады.
Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қолданыстағы заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының қатысушылары танылады.
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның еңбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады.
Құқықтық мәртебенің мазмұны келесі негізгі элементтерден тұрады:
Оларды нақты еңбек құқығы қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден ажырата білу қажет. Заңдардан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді статуттық деп атайды. Олар еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесінің негізін құрайды және еңбек саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі.
Еңбек құқығы субъектісінің негізгі статуттық құқықтары мен міндеттерінің тізімі әр түрлі сипатқа ие және олар өздерінің әлеуметтік мақсатымен, еңбек саласында атқаратын функциялардың сипатымен ерекшеленеді.
Жасына қатысты қойылатын талаптың құқықтық табиғатын заңнама осы жасқа жеткенде ғана тұлғаның еңбектегі кәмелет жасына толуымен байланыстырады. Еңбекті қорғау, жұмыс уақыты және т.б. салаларда белгілі бір жеңілдіктер мен артықшылықтарды иеленетініне қарамастан, еңбек құқығы қатынастарында олар азаматтық кәмелет жасына теңестіріледі.
Ерікті талап азаматтардың еңбекке және кәсіпкерлік қызметке қатысты ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен әрекет қабілеттігінен айырылған тұлғалар еңбек құқығының субъектілері бола алмайды. Сонымен қатар, соттың шешімімен әрекет қабілеттігі шектелген тұлғалар мемлекеттік қызметке алынбайды. Бұл ережені мына жағдаймен түсіндіруге болады: жүйке ауруының, ақыл-ой қабілетінің нашарлауы салдарынан азамат өзінің еңбектегі міндеттерін саналы түрде орындай алмайды, қызметтік, кәсіпкерлік және еңбек қызметін бақылай алмайды.
Қолданыстағы заңдардың маңызды ерекшелігі болып бұларда тек жалданбалы қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің және жұмыс істейтін меншік иелерінің де кепілдіктерінің көзделуі табылады. Бұл кепілдіктер барлық кәсіпкерлерге шикізат нарығына араласу құқығын, олардың мемлекеттік органдарда тіркелу кепілдіктерін, сонымен қатар ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына және т.б. қарамастан барлық кәсіпкерлерге қызмет етудің бірдей жағдайларын қамтамасыз етеді.
Кең мағынадағы еңбек ұжымының құрамына қызметкерлермен қатар басты міндеті еңбек үрдісін басқару мен шаруашылық қызметті қамтамасыз ету болып табылатын лауазымды тұлғалар, яғни, басшылық қа кіреді. Басшылыққа ұйымның бірінші басшысы, оның орынбасарлары, көмекшілері, бас мамандар, құрылымдық бөлімшелердің (бөлімдердің, цехтардың және т.б.) басшылары және басқару функциясын атқаратын, қарамағында жалданбалы еңбекпен айналысатын қызметкерлері бар өзге де тұлғалар жатады.
Ұйымның бірінші басшысы және басшылық еңбек ұжымының құрамына кіреді, себебі, олар да жеке еңбек шартын бекітеді.
Сонымен, еңбек ұжымына құрамдас элементтер ретінде мыналар кіреді:
Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде. Мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындайтын мекемелер мемлекеттік органдар деп аталады. Олар белгіленген тәртіп бойынша құрылады.
Мемлекеттік органдар республикалық, аймақтық және жергілікті болуы мүмкін. Республикалық органдарға қызметі және өкілеттіктері бүкіл республиканың аумағына таралатын органдар жатады. Аймақтық органдарға қызметі және өкілеттіктері екі немесе одан да көп облыстарға таралатын органдар жатады.