Веб сайт жасау
Жоспар
Кiрiспе 3
1. Internet үлемі. 4
1.1 Internet-тiң тарихы 4
1.2 Intrаnet торабы 5
1.3 Internet хаттамалары 8
1.4 TCP/IP хаттамалары 8
1.5 НТТР хаттамасы 9
2 FrontPage негiздерi 12
2.1 FrontPage неден құралған 12
2.2 Web –тi қарау режимдерi 14
2.3 Web парақтарды жасау 20
2.4 Шеберлер, тақырыптар және шаблондар 21
2.5 Front Page-тiң компоненттерiн қолдану 22
2.6 Web-түйінде iздестiру 24
2.7 Web-тi қолдау 25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi 30
Кiрiспе
Internet және World Wide Web (WWW) бiздiң өмiрiмiзге мәңгiлiкке кiрдi. Ендi бiз оларды қолданбай жұмыс iстей алмайтын боламыз. World Wide Web-бұл гипермәтiндiк, құжаттардың жиынтығы. Ол Internet-тiң арқасында әлемнiң кез келген нүктесiнде тиiмдi. Сiз осы цивилизацияның ыңғайлы жақтарын қолданып қана қоймай, сонымен қатар сiз оның жасалу процессiне қатыса аласыз.
Web-түйіндердi жасаудың әдiстерi көп, бiрақ солардың кейбiреулерi ғана көп мәселелердi шешуге мүмкiндiк бередi. Сол кейбiреулердiң iшiнде FrontPage бар.
1. Internet үлемі
1.1 Internet-тiң тарихы
60-жылдардың соңында мемлекеттiк ұйымдардың компьютерлердi қолдану масштабының өсуiне байланысты барлық мәлiметтердi ортақ пайдалану мүмкiндiгiн кеңейту қажеттiгi туды. Осы мәселенi шешу мақсатында АRPA (Advanced Research Projects Agency) ұйымы ARPANET деп аталатын компьютерлер торабын құрды. Сосын АRPA және басқа үкiметтiк ұйымдардың бiрлесуi арқылы осы торапқа басқа да бiр-бiрiнен үлкен қашықтықта орналасқан компаниялар да қосылды. Бұл торап та ARPANET деп аталды. Кейiннен осы торап Internet-тiң бастамасы болды. ARPANET торабындағы компьютерлер саны күннен-күнге жоғары қарқынмен өсiп отырды.
1.2 Intrаnet торабы
Интраторап-дегенiмiз компьютер-клиенттердi компьютер-сервермен қосатын торап. Негiзiнде бұл локальдық торап және оның қолданылу аймағы-бизнес саласы. Интратораптың мұндай спецификалық қолданылуы оның бизнес қажет ететiн ақпаратты ыңғайлы қолдану мүмкiндiктерiне негiзделген. Бұл мүмкiндiктер кәбiне төрт негiзгi концепциялардан құралады:
1.3 Internet хаттамалары
Internet және Web үш киттiң негiзiнде құралған.
1.4 TCP/IP хаттамалары
TCP/IP - бұл тораптық хатаммалардың стандартты жиыны. TCP/IP торабында мәлiметтердi жiберудi қолдануды қамтамасыз ету үшін әр компьютердiң өзiндiк ерекше мекенi (IP-мекен) болуы қажет.
IP хаттамасы. Internet торабында ақпаратты жiберу жүйесiнiң негiзi IP (Internet Protocol) хаттамасы болып табылады.
1.5 НТТР хаттамасы
НТТР (Hyper Text Transfer Protocol)-бұл сервердiң Web-құжаттарына кiруге сұралған клиент пен осы сервердiң арасындағы байланысты қамтамасыз ететiн хаттама. НТТР TCP/IP-мен салыстырғанда жоғары дәрежелi хаттама болып табылады.
2 FrontPage негiздерi
2.1 FrontPage неден құралған
Microsoft пакетi Web-түйіндердi өңдеу және ұйымдастыру үшін және олардың мазмұнын Internet немесе Intranet тораптарында жариялау үшін қажеттi жабдықтар жиынымен қамтамасыз етедi.
FrontPage үш негiзгi модульдерден тұрады: FrontPage (бұл негiзгi модуль болып табылатындықтан, оны бiз бүкiл пакеттiң атымен атаймыз), Microsoft Personal Web Server (MSPWS, дербес Web-сервер), FrontPage Server Extensional (серверлiк кеңейтiлулер).
1- сурет-FrontPage-дің негізгі көрінісі
FrontPage Web-парақтарды жасау мен өңдеудiң стандартты мүмкiндiктерiмен қамтамасыз етедi, сонымен қоса арнайы функциялар тiзбегiн орындайды.
2.2 Web –тi қарау режимдерi
Web жәй ғана файлдары бар директория емес болғандықтан, FrontPage әр түрде көрсетiлген Web-тi қарау режимдерiн бередi.
3-сурет-Reports режимiне мысал
Бұл режим бөлек-бөлек жүктелетiн кестелердiң жиынтығын бередi. Бұл кестелердiң барлығы View|Reports менюiнде бiртектi командалармен шақырылады. Сайтты барлық негiзгi қасиеттерi бойынша көрсететiн басты кесте болып site summary кестесi саналады. Бұл кесте қатар бойынша суреттер, гиперсiлтемелер, жаңа, ескi және жай жүктелетiн құжаттар, орындалмаған тапсырмалар және FrontPage компоненттерiн пайдалану кезiндегi қателер туралы есеп бередi. Кей кестелердi қысқаша қарап өтелiк.
4-сурет-Гиперсiлтемелердi визуальдi көру
Бұл режим сайттағы барлық гиперсiлтемелердi визуальдi көруге мүмкiндiк бередi. Терезенiң қақ ортасында бет орналасады, оның сол жақ бөлiгiнде оған сiлтегендер, ал оң жақ бөлiгiнде оның сiлтенгендерi.
2.3 Web парақтарды жасау
New батырмасын басу арқылы сiз фон және тағы басқа Web-парақтарға ортақ элементтердi пайдаланатын жай парақ жасай аласыз.
2.4 Шеберлер, тақырыптар және шаблондар
Шеберлердi зерттемес бұрын, ең алдымен FrontPage-тi жүктеңiз (MSPWS-тiң бар, жоғын тексерiңiз). Шебер немесе шаблонның негiзiнде Web-түйін құру үшін File/New/Web командасын жандандыру керек. Сонда New диалогтық терезесi ашылады. Мұндағы Web Sites салымында Web-түйіндердiң шаблондары мен шеберлерiнiң тiзiмi бейнеленедi. Ендi бiз Web-түйіннiң шеберiнiң мүмкiндiктерiне тоқталып өтейiк.
2.5 Front Page-тiң компоненттерiн қолдану
FrontPage-те объектiлердi генерациялайтын, параққа және бүкiл Web-ке динамикалық кәрiнiс беретiн компоненттер бар. Компонентердiң барлық түрлерi Insert/Component менюiнде орналасады. Бұл компонентерге WebBots компоненттерiнiң тобы кiредi. WebBots-бұл FrontPage үшін CGI (Common Gateway Interface) сценарийлерiнiң нұсқаулары-сервердегi процестер үшін ортақ есiм, ол бағдарламалардың мүмкiндiктерiн кеңейтедi. Insert/Cоmponent менюнiң командаларының тiзiмiн берейiк.
2.6 Web-түйінде iздестiру
Iздеу механизмi керек ақпаратты алудың жеңiл әдiсiн бередi және әр гиперсiлтемелер бойынша саяхат жасаудан арылтады. Iздеу парағына қолданушы таңдау критерийлерiн анықтап бередi және Web-парақ түрiнде нәтиже алады, соның негiзiнде өзiне қажет құжатты таңдап алады.
2.7 Web-тi қолдау
FrontPage-тiң құралдар жиынына түйіндi жасап болғаннан кейiн пайдалы, яғни Web-тi қолдау үшін қажеттi көптеген жабдықтар кiредi. Сiз бұл құралдарды парақтарды жаңарту, тексеру, байланыстарды жаңарту, файлдарды глобальды түзету, Web-тi реттеу, кiру рұқсатын конфигурациялау, парольдарды және т.б. администрациялаумен байланысқан тапсырмаларды орындау үшін қолдана аласыз.
Қорытынды
FrontPage дүниежүзiнде әйгiлi HTML-редакторлерiнiң бiрi болып табылады. Өзiнiң интерфейсiнiң арқасында FrontPage қолдануға қарапайым және ыңғайлы болып келедi. Web-парақтарды визуальдi өңдеу HTML тiлiндегi түзетуге қарағанда оңай және тез.
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
1. Мартин Мэтьюс, Эрик Полсен. FrontPage2000.Киев: “Ирина” баспасы,2000.
2. “Microsoft FrontPage 2000. Шаг за шагом” М.: “ЭКОМ” баспасы, 2000.
3. “Секреты создания интрасетей на основе Microsofr Office 2000 и FrontPage 2000”.СП.: “Питерком” баспасы.
4. Ю. А. Кулаков.”Компьютерные сети.Киев”: “Юниор” баспасы.
5. “HTML в примерах”.СП.: “Питерком” баспасы.