Қазақстан Ресейге қосылу және оның саяси-құқықтық салдары
Жоспар
1. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері 3
2. Абылай ханның реформалары 6
3. Бөкей хандығының құрылуы. Бөкей хандығының Орыс мемлекеті саясатында алатын орны 7
4. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы,1822 жылғы "Сібір қырғыздары туралы жарлық" 8
5. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1824 жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарлық 9
6. Кенесары Қасымұлы хандығының саяси-құқықтық құрылысы 11
Негізгі әдебиеттер 13
1. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері
XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ халқының тағдырында аса күрделі бетбұрыс оқиғалар болды. Біртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атты қазақ хандықтарына бөлінді.Бытыраңқы мемлекетте жоңғарлар шапқыншылық жасап, халық Ақтабан шұбырынды, алқакөл сулама атты қасіретке ұрынды. Осы соғыста қазақ халқының жарымына жуығы қырылды.Билердің біріктірушілік рөлінің арқасында қзақтар ірі жетістіктерге жеткенімен оның түбі баянды болмады. Хан, сұлтандардың бір тобы бытыраңқылық факторына айналды.
Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726 жылы Ордабасыдағы бүкілқазақтық жиында қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланды. Бірақ ол барлық қазақтардың ханы болғысы келді. 1729 жылғы қазақтар шешуші жеңіске жеткен соң да, сол жылғы Орта жүздің ханы Болат қайтыс болған соң да бүкілқазақтың ханы бола алмады. Әбілхайыр хан енді Ресейге арқа сүйеп, өз позициясын нығайтпақ болды. Осылай Әбілхайыр хан ресей патшасы анна Ионовнаға Ресейдің қол астына алу туралы жасырын хат жазды. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылдары да Әбілхайырдың әрекетіне түрткі болды.
2. Абылай ханның реформалары
Абылай хан (1711-1781) қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер. Абылай алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болған соң 1771 жылы хан болып сайланды.
Абылай ханның қазақ халқына сіңірген екі үлесін атап өткен жөн. Біріншіден ол жоңғарларды талқандап Қазақ елінің тұтастығын қалпына келтірілді немесе еліміздің жерлерін түгел азат етуге басшылық етті. Екіншіден Абылай Қазақ хандығының тәуелсіздігін қайта қалпына келтіріп, бытыраңқылығын уақытша болса да жойды. Абылай ханның үлкен саясаткелігі, қолбасшылығы, батырлығы мен көрегендігі, дипломатиялық шеберлігі осындай жағдайға жетуге себеп болды.
3. Бөкей хандығының құрылуы. Бөкей хандығының Орыс мемлекеті саясатында алатын орны
Кіші жүздегі XVIII ғасырдың соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың үлкен тобы Орал мен Жайық аралығының төменгі бойына өшіп барып 1801 жылы Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел I келісім берді.
Бөкей ордасы шығыстан батысқа 300 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырым аумақты алып жатқан шағын хандық болды.
4. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы,1822 жылғы "Сібір қырғыздары туралы жарлық"
Батыс Сібір губернаторы М.М. Сперанский "Сібір қырғыздары туралы Устав" атты құжат жасады. Осы Устав негізінде Орта жүзде хандық билік жойылды. Бұрын рулық принцип бойынша бөлінетін территория әкімшілік-территориялық прициппен окруктерге бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Әр округте 15-20 болыстар, әр болыста 10-12 ауылдар, әр ауылда 50-70 үйлер болды.
Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Округті коллегиялық орган округтік прказ басқарды. Округтік приказға аға сұлтан-төраға және төрт заседатель (оның екеуі ресейліктерден тағайындалды, екеуі құрметті қазақтардан сайланды) кірді. Округті аға сұлтан басқарды. Бірақ приказ құрамындағы ресей өкілдері билік жасады.
5. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1824 жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарлық
Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен "Орынбор қырғыздары туралы уставын" жасады. "Устав" 1824 жылы азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан өкіметі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке: Шығыс, Орта және Батыс бөліктерге бөлінді. Былай бөлу тайпалық құрылымды еске алды. Әр бөлікті билеуші-сұлтандар басқарды. Билеуші-сұлтандар патша өкіметінің шенеунігі болды. Олардың қасында 100-200 адамнан әскер болды. Билеуші-сұлтанның ставкасы қазақ бекіністерінің біріне орналасты. Билеуші-сұлтан қызметіне тек сұлтандар тағайындалды.
6. Кенесары Қасымұлы хандығының саяси-құқықтық құрылысы
Патша өкіметінің қазақ жеріне тереңдеп еніп ондаған әскери бекіністер салуы, Орта және Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа басқару жүйесін ендіруі, орыс әскерлерінің озбырлықтары қазақ халқының отарлыққа қарсы күреске шығуына себеп болды. Қазақтардың ондаған ірі ұлт-азаттық көтерілістері болды. Солардың ішіндегі ерекше маңызға ие болып, терең тарихи із қалдырғаны Кенесары Қасымұлы бастаған (1837-1847) көтеріліс болды.
Негізгі әдебиеттер
1. История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней) в 5-ти томах. – Алма-Ата, 1977-1980.
2. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30 – х гг. XVIII века. – Алма-Ата, 1948.
3. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. – М., 1957.
4. Вяткин М.Г. Политический кризис и хозяйственный упадок в Малой орде в конце XVIII - нач. XIX вв. // Материалы по истории Казахской ССР (1785-1826). – Т. 4. –Изд. М - Л, 1940.
5. Ерофеева И.В. Казахские ханы, ханские династии в XVIII – сер. XIX вв. Культура и история Центральной Азии и Казахстана: проблемы и перспективы исследования. – Алматы, 1997.
6. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. – Алма-Ата, 1982.
7. Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств (XVIII в.).- Алматы, 1999.
8. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись 3-х тысячелетий. – Алма-Ата, 1992.
9. Қазақтың әдет-ғұрып нормаларының материалдары. Алматы -1996ж