Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тәуелсіз Қазақстан республикасы және оның ұлттық қауіпсіздігі

Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігін алу жолында көптеген соқпақты жолдардан өтіп, талай тағдыр тауқыметін бастан кешірді. 1991 жылы еліміз сан ғасырлар бойы бабалар аңсаған өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, жаңа ел орнатты. Сондықтан, бұл күн - тәуелсіз еліміздің тарихындағы, халқымыздың өміріндегі ең қасиетті күн. Биыл қасиетті күнге жиырма жыл толады. Жиырма жыл, жиырма жас - жастықтың қайсарлы жігерлі кезеңі, бозбала ғұмыры. Осы жылдар аралығында Тәуелсіз еліміз кемел өсіп, өзін өзге таныта білді. Бірнеше маңызды құжаттарды қабылдап еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуларын ретке келтірді. Жиырма жыл ішінде өзінің ішкі және сыртқы саясатын айқындап, халықаралық құқықтық субъекті ретінде әлемдік деңгейде көрініп, алыс - жақын елдерге демократиялы, бейбітшілік сүйгіш ретінде танылды.
Тәуелсіз еліміз өзінің даму үрдісін анықтауда қабылған маңызды құжаттардың бірі - ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасы. Онда ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары айқындалып, жеті ұзақ мерзімді басымдылықты іске асыру қажеттілігі туындады. Ең басты басымдылық - ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толықтай сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіздігін егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету [1,13] болды.

Дегенмен, қазіргі таңда еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төмендегі ғаламдық мәселелерге айналған кейбір мәселелерді атап өтуге болады. Олардың қатарында лаңкестік, есірткі заттар мен атыс қаруының заңсыз айналымы, халықаралық қылмыс т.б. Бүл қатер көздерінің өзара бір - бірімен тығыз байланысы бар екені белгілі.
Қазіргі таңда әлем елдері үшін, олардың қауіпсіздігіне қатер төнгізер басты жайт - лаңкестік.

Қазақстан лаңкестікке қарсы іс - әрекет жасау жүйесін құруға өңірлік және халықаралық деңгейлерде үлкен күш - жігер жұмсап отыр. Бірқатар көп жақты келісімдер жасалды. Олардың қатарында Орталық Азияның төрт мемлекетінің лаңкестікке, саяси және діни экстремизмге, ұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа және тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнген өзге де қатерлерге қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс - қимылдар туралы 2000 жылғы Ташкент шарты, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы елдердің терроризм, сепаратизм және экстремизмге бірлесе қарсы тұрудың 2001 жылы жасалған конвенциясы бар. Қазақстанның қатысумен ТМД шеңберінде Лаңкестікке қарсы орталық құрылды, Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде осыған ұқсас құрылым әрекет етуде.

Келесі ел қауіпсіздігіне төнген қатерлердің бірі - есірткі мен елтіргіш заттардың заңсыз айналымы. Қазақстан Республикасы өзінің географиялық орналасуы жағынан дүниежүзілік есірткі тасудың күре тамырында орналасқаны белгілі. Есірткі мен елтіргіш заттардың заңсыз айналымы елдің экономикалық көркеюіне, саяси тұрақтылығына да өз кеселін тигізеді. Есірткі қатерінің жаһандық сипатын ескере отырып, Қазақстан Республикасы осы саладағы бірнеше жұмыстар жүргізді.