Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау


Жоспар
1. Банкроттықтың негізгі талаптары 3
2. Банкрот ықтималдығын талдау 5
2.1 Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі 5
2.2 Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану 6
2.3 Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау 8
2.4 Қаржылық ағымдардың талдауы 10
Әдебиеттер 13

1. Банкроттықтың негізгі талаптары
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:

2. Банкрот ықтималдығын талдау
Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:
а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
ә) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;
б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
в) қаржылық ағымның құйылуын талдау.

2.1 Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі
Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономико-математикалық моделдеу қолданылуы мүмкін. Экономико-математикалық моделдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына тигізетін факторлар әсеріне байланысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді. Экономикалық-математикалық модельдеудің қаржылық болжамының ең тиімдісін алу үшін, ол эксперттік бағалау тәсілімен толықтырылады, нәтижесінде қаржылық процестердің сандық мәндеріне түзетулер жасауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның тұрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын таңдау, сонымен қатар, оның тәуекелділігін анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалық-математикалық модельдер қолданылады.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э. Альтман ұсынған 2 модельдері.

2.2 Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану
Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан өте жағымды, ал іс жүзінде ақталмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің аналитикалық бағалауында белгілер жүйесін қолданады. Мысал ретінде аудит практикасын талдап қорыту (Ұлыбритания) бойынша комитеттің ұсынысын (21) келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа динамикасының өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштер жатады. Оған жататындар:

2.3 Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау
Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанғысыз мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жайындағы Ережемен (Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 қыркүйегіндегі №1002 қаулысымен бекітілген), сонымен қатар 1995 жылдың 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бекітілген кәсіпорындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.

2.4 Қаржылық ағымдардың талдауы
Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қарыз қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдерін бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы қаражаттарының қозғалысын немесе қаржы ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған:

Әдебиеттер
1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
2. Мельников В. Д., Ли В. Финансы. Учебник. Алматы, 2005
3. Сахариев С.С. Финансы: учебник – Алматы, Юридическая литература, 2004
4. Финансы: учебник для вузов / под ред. Романовского М.В. – Москва: Перспектива, 2000
5. Саясат: ақпаратты-аналитикалық журнал, 2002 – 2005 ж.