Азаматтық істі соттың қарауына әзірлеу
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеу, оның маңызы. Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер. Істі соттың талқысына тағайындау.
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеу, оның маңызы. Арызды қабылдап, азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта қарауға істі әзірлейді. Азаматтық істі әзірлеу азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелген қоғамдық қатынастар жиынтығын құрайды, онда нақты азаматтық істі сотта қарау процесінде азаматтық сот өндірісі міндеттерінің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету үшін сот пен іске қатысушы тұлғалардың және басқа да процеске қатысушылардың арасында туындайды. Істі әзірлеу процесске қатысушылардың уақытын ұтымсыз жоғалтуымен күрес құралы ретінде әрекет етеді. Әзірлеу істің күрделілігіне қарамастан жүргізілуге тиіс.
Істі соттың талқысына тағайындау. Іс толығымен дайын деп танылған соң судья сот мәжілісінде істі қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Істі сотта қарауға тағайындау туралы ұйғарымда сот мәжілісі өтетін уақыты, орны, сотқа іске қатысушылардың келуін қамтамасыз ету бойынша шаралар көрсетіледі. Судья істі сотта қарауға дейін, егер істі қарау кейінге қалдырылған жағдайда – жаңа сот мәжілісінің басталуына дейін әзірлеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқылы. Іс бойынша қабылданған шешімнің күшін апелляциялық және қадағалау тәртібінде жойып қайтадан қарауға жіберілген жағдайда әзірлеу жаңартылуы мүмкін.
Бірінші сатыдағы сотта ағылшын сот өндірісіне азаматтық-құқықтық дауларды реттеудің басқа да бейбіт нысандары тән, олар сот практикасында кең таралған. Құқық туралы дауды тараптар арасында өзара рһортақ келісімге келе отырып шешуге қатысты ағылшын сот өндірісі ресей ғылыми әдебиеттерінде жан-жақты көрініс тапқан. Монографиялық зерттеулерде ағылшын азаматтық сот өндірісінің оң және теріс жақтары көрсетілген.
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж. (7.10.1998 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен қоса). Алматы,2005
2. ҚР-ң Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 1999, 13 шілде.
3. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. В 2-х томах. – Алматы: КазГЮА, 2001.
4. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Жалпы бөлім. Ерекше бөлім. Оқу құралы/ Егембердиев, Е.О. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003. – 102 б.
5. Шакарян М.С. Гражданское процессуальное право РФ. М., 1996.
6. Гражданский процесс/Под ред. Осипова М., 1995.
7. Гукасян Р.Е. Гражданский процесс. Учебник./Под.ред. К.С.Юдельсона. М., Юриздат,1972.