Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 58 стр.

Полный просмотр работы

Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері

Жоспар
Кіріспе 3
І. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері,жүйесі мен көрсеткіштері 4
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 4
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі 13
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 21
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау 24
2.1. Мемлекеттік бюджетті жоспарлау 24
2.2. Бюджет түсімдерін болжамдау 33
2.3. Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі 42
III. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 45
3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру 49
Қорытынды 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 58

І. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері,жүйесі мен көрсеткіштері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорлан ымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлеріндегі жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

Мемлекеттік бюджет қаржы жоспарлары мен болжамдары мен жүйесінде бастысы болып келеді, өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен және халықпен өзара қатынастарын айқындай отырып оларды үлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпы мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функциялары оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
Басқаруда және шаруашылық қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстар мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады.қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементі бейнелейді.

ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттік бюджетті жоспарлау
Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесін басқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.

2.2. Бюджет түсімдерін болжамдау
Бюджеттік кірістері ол мемлекеттік функциялардың орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындарған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

Салық түсілдерін контингентінің есеп әдісі келесі кезеңдермен сипатталады:
• бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы салық түсімдері бойынша барлық мәліметтерді қортындап, оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;
• бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган елдің орташа мерзімді әлеуметтік–экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде салық түсімдерінің контингенттерін болжамдап, оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға жеткізеді;
• бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті аумақ бойынша кірістер шектелімдерін жоспарлауды іске асырады.
Бюджет кірістерінің шектелімдерін болжамдау процесінде әрекеттегі заңнамалық және нормативтік актілерге енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды есептеу қажет және түсімдер бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша кезекті жылға бекітілген республикалық бюджет жөніндегі Заңнын баптарына сәйкес болуы тиіс.
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау. Ішкі немесе жанама салықтар ол тауарлардың бағасы арқылы төленетін немесе тарифке енгізілетін сол тауарлар мен қызметке салынатын салықтар. Мұндай салықтардың нақты төлеушілері болып сол тауар немесе қызмет иелері салық сомаларын оларды өткізгенде алады. Ішкі салықтарға қосылған құн салығы мен акциздер жатады.

Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжау. Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжамдау осы төлемдерді төлеуді реттейтін заңнамалық актілерге негізделеді. Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті,смемлекеттің меншігіндегі материалды емес активтерді үшін ел мен аймақтардың орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму жоспарларының негізінде жасалған орталық, жергілікті және басқа да мемлекеттік органдардың болжамдық көрсеткіштері пайдаланылады.

2.3. Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
Франция әлемдегі жоғары дамыған бес мемлекет қатарына кіреді. Франция ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орында.
Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсетулер алады. Франция шетел инвестицияларын тікелей тарту бойынша әлемде төртінші орында. Инвесторлар мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми зеттеулердің жоғары деңгейін, алдыңғы қатарлы техникаландырылған өндірісті тағы басқа маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт бойынша Франция мына мемлекеттермен байланыста: Европалық қауымдастық : 63%( Германия 16%, Ұлыбритания 10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8%). Импорт бойынша байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы 62%( Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия – Люксенбург 11%).

III. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары
Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады.

3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру
Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.

Қорытынды
Жазылған курстық жұмысты қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі бірнеше даму кезеңдерінен өтіп, сан алуан реформалау әсерінен өзгерістерге ұшырады. Қазақстан Республикасының Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі жалпы Чили мемлектінің үлгісінде алынса да өзіндік ерекшеліктерімен кемшіліктері де жеткілікті.
Қазақстан Республикасының Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің құрылуы барысында бірнеші Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істей бастады. Бірақ та сол ЖЗҚ-ның ішіндегі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен қатар халыққа тиімді қызмет көрсетіп келген Қазақстан Халық банкінің Жинақтаушы зейнетақы қорыболып табылады. Бұл қордың басты мақсаты- халықтың зейнетақы активтерін тарту арқылы оларды ұлгайту болы табылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамту туралы заңы. 2005 жылдың 8 шілдесі, Алматы .
2. Айтуған А.Жинақтаушы Зейнетақы қоры2002 , 2, 44-49 бет.
3. Алдаберген А. Жинақтаушы зейнетақы қоры, 1999/ 8 желтоқсан.
4. Айтуған А, Зейнетақыны жинақтау қорындағы тәуекел./2004 5, 58-63 беттер.
5.Әлімжан, Жинақтаушы зейнетақы қорын таңдай білген жөн./ Алматы ақшамы 1999 22 қаңтар.
6. Базалық зейнетақы төлемі туралы/ Астана хабары -2005 30 маусым.
7. Жинақтаушы зейнетақы қоры туралы не білеміз./ Жайық Үні 200121 қыркүйек.
8. Жұмыров Ә Зейнетақы деңгейін реттеуге бола ма ./ Егемен Қазақстан.
9. Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар төлеудің тәртібі туралы/ Егемен Қазақстан ,2005 13 щілде.
10. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің тәртібі/ Егемен Қазақстан 2005, 14 шілде.
11. Зейнетақы жүйесінен ақау шықты./ Түркістан 2004 9 желтоқсан.
12. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы/ 2005 жыл, зейнетақы жүйесінің дамуы.
13. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы/ 2005 жыл , қараша Зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы.
14. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы/ 2005 жыл, Қазақстандық зейнетақымен қамту моделі.
15. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы/ 2005 жыл Зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу.
16. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы/2005 жыл, желтоқсан Шет елдердің зейнетақы жүйесінің дамуы.
17.Финансы Кредиты, зейнетақы жүйесінің дамуының жаңа концепциясы. Шілде,2005 жыл.