Тұжырымдаманы іске асыру жолдары мен тетіктері
Жоспар
Кіріспе 3
1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы 4
2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары 10
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері 15
4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық көрінісі 16
5. Азаматтық қоғамды дамытудың негізгі принциптері мен құқықтық негіздері 19
6. Тұжырымдаманы іске асыру жолдары мен тетіктері 21
6.1 Азаматтық қоғам институттары қызметінің құқықтық негізін жетілдіру 22
6.2 Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту 23
6.3 Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін жағдайлар жасау 25
6.4 Еңбек қатынастарын жетілдіру 26
6.5 Әлеуметтік саясатты жаңғырту 27
6.6 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру 28
6.7 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын дамыту 29
6.8 Азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту 31
7. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі мен кезеңдері 33
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 38
Кіріспе
Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегия сына сәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы түбегейлі реформалар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес секторы қызметкерлерінің мүдделерін білдірген тәуелсіз кәсіподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар белсенді түрде институцияланды. "Невада - Семей" қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезімнің анағұрлым жарқын көрінісі болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу міндетін қойды.
Елдегі азаматтық қоғам мен оның институттарын белгілі бір дәрежеде дамытуға мемлекеттің осы процесс үшін тиісті саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөніндегі қызметі жәрдем етеді.
2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етуші тұлғасы мен субъектісі ретінде өз қажеттіліктерінің, мүдделері мен құндылықтарының барлық жүйесімен бірге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсіз өмір сүретін қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, діни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын білдіреді, жеке мүдделердің әр алуандылығын көрсетеді.
Қоғам демократиялық дамудың белгілі бір сатысында ғана азаматтық болады және елдің экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениеті мен сана-сезімінің өсу шамасына қарай қалыптасады.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Осы Тұжырымдаманың мақсаты адам құқықтары мен адами өлшем саласындағы халықаралық шарттар мен пактілер шеңберіндегі халықаралық-құқықтық құралдарға сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту әрі олардың мемлекетпен және бизнес-секторлармен тең құқылы серіктестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базаны одан әрі жетілдіру болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін күш-жігерді негізгі бес міндетке шоғырландыру қажет:
4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық көрінісі
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттерін іске асыру:
адам құқықтары мен демократиялық бостандықтарды сақтауды;
азаматтық қоғам институттарын тұрақты дамыту үшін қолайлы құқықтары мен бостандықтарын адамның қоғам алдындағы жауапкершілігімен үйлестіруді;
қоғамның мемлекеттік билік қызметін тиімді бақылауын жүзеге асыруды. Билік органдары мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы серіктестік принциптері негізінде ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруды;
әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесін құруды;
қоғам мен билік мүдделерін келісімі жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін азаматтық қоғам моделін өмірге енгізуді көздейді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде елде демократиялық мемлекеттің басты принципі - азаматтық қоғамның басты құндылығы ретінде адам құқықтарын қамтамасыз ету жан-жақты іске асырылады.
5. Азаматтық қоғамды дамытудың негізгі принциптері мен құқықтық негіздері
Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мынадай принциптерге негізделеді:
адам мен азаматтың іргелі құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
эволюциялық және кезеңділік;
қоғамдық өмір салаларында, ең алдымен экономикалық салада, әлемдік дамудың жаһандық үрдістерін ескере отырып қайта құрулармен бірге бағдарланушылық;
заңның үстемділігі, барлығының бөле жармастан заң алдында теңдігі;
мемлекеттің істерін басқаруға және басқа да қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың өкілетті өкілдерінің қатысуы;
елдегі демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
азаматтарды демократиялық мәдениет мінез-құлқына тарту;
6. Тұжырымдаманы іске асыру жолдары мен тетіктері
Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі тетіктері мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттар мен актілерді ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіру және үйлестіру;
мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасының Парламентіндегі және мәслихаттардағы саяси партиялардың өкілдіктерін кеңейту арқылы олардың ролін күшейту, партиялық фракциялардың құқықтарын кеңейту;
6.1 Азаматтық қоғам институттары қызметінің құқықтық негізін жетілдіру
Алдағы 2011 жылға дейінгі кезеңде азаматтық қоғам институттары қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажет. Мыналарды:
коммерциялық емес секторға салық салу мәселелерін;
үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жұмысын;
қайырымдылық қызмет пен меценаттықты;
коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу мен тарату рәсімдерін жетілдіруді;
гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді және жалпы ұлттық құқық қорғау институттарын нығайтуды регламенттейтін құқықтық нормалар мен тетіктерді жақсарту маңызды.
Тұтастай алғанда, алда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде мәдениет, білім беру, экология, денсаулық сақтау, ақпарат, әлеуметтік қамсыздандыру, экономика, гендерлік теңдік, тұрғын үй саясаты, жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бөлігінде қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша талдау жасап, жұмыс жүргізу тұр.
6.2 Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту
Мемлекеттік органдар мен азаматтық институттар ынтымақтастығын нығайту үшін:
мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимыл проблемаларын шешу және өзара іс-қимыл мен серіктестік басымдықтарын айқындау жолдарын тұжырымдау үшін жалпы ұлттық тиімді үндесу алаңқайына айналуға тиісті азаматтық форумдарды тұрақты негізде өткізу;
заң шығарушылық жұмысы, мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік даму бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу жөніндегі қоғамдық кеңестер, консультативтік-кеңесші органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түрінде ынтымақтастықтың тұрақты қолданыстағы тетіктерін орталық және өңірлік деңгейлерде дамыту;
әлеуметтік мәнді проблемалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу практикасын енгізу;
6.3 Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін жағдайлар жасау
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына сәйкес әрбір адам өзіне Конституциямен кепілдік берілген экономикалық, әлеуметтік, азаматтық және саяси құқықтарды пайдалануға мүмкіндігі болған жағдайларда ғана жеке тұлға мұратына қол жеткізуге болады.
Ол үшін:
азаматтық қоғам институттарының жұмысы арқылы адамның құқықтық санасын қалыптастыру;
елде жұмыс істеп тұрған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу және азаматтардың жалпы ұлттық проблемаларды шешуге толыққанды қатысуын қамтамасыз ету;
қоғамда Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру;
жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында құқық негіздерін оқыту практикасын жетілдіру;
6.4 Еңбек қатынастарын жетілдіру
Еңбек қатынастарын жетілдіру үшін:
қызметкерлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында еңбек заңнамасын әлеуметтік мемлекет принциптеріне сәйкес келтіру;
қызметкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде кәсіподақтардың рөлі мен орнын арттыру;
ықтимал жанжалдар мен еңбек дауларының алдын алу мақсатында меншік иелері мен кәсіподақтар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл, еңбек қатынастарын реттеу ауыртпалығының орталығын кәсіпорындар деңгейіне ауыстыру;
жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің арасындағы ұжымдық шарттар шеңберінде тиімді келіссөздер процесін қамтамасыз ету тетіктерін енгізу;
6.5 Әлеуметтік саясатты жаңғырту
Билік пен азаматтық қоғамның ортақ міндеті әлеуметтік мемлекет құру, елдің экономикалық басып оза дамуын ынталандыру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру болып табылады.
Азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік нормалар мен нормативтер белгілеуге бейімделген және сонымен бір мезгілде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыру үшін бағдарлық қызмет атқаратын өмір сүру сапасының ұлттық стандартын әзірлеу және практикаға енгізу қажет.
6.6 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру - әлеуметтік мәнді жобаларды дамыту және қоса қаржыландыру, лайықты еңбекақыны уақытылы төлеу, еңбекті қорғауды және оның қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, жалдамалы қызметкерлерді әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға апаратын жол. Бұл қоғамда мейірімділік, руханилық мәдениетін қалыптастыруға, моральдық және адамгершілік құндылықтарын нығайтуға апаратын жол.
Кәсіпкерлер үшін әлеуметтік жауапкершілік арттыру мәселелерінде олардың қызметі үшін қолайлы, әлеуметтік қауіпсіз Орта қалыптастыруға қатысу міндеті дәлел болуға тиіс. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылық - бизнестің табысты дамуының кепілі.
6.8 Азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту
Соңғы он жылдық ішінде әлемде түрлі елдердің азаматтық қоғам институттары арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты үрдісі қалыптасты. Оның мақсаты түрлі: қауіпсіздік, адам құқықтарын қорғау, экономикалық және әлеуметтік даму, кедейлікті еңсеру, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, ғылым, мәдениет, жедел ізгілік және техникалық көмек көрсету, бітімгершілік салаларында уақыттың қыр көрсетулеріне ден қоюдың тиімді тетіктерін тұжырымдау болып табылады. Іс қимылдардың бірлескен бағдарламалары мен тұғырнамаларын әзірлеу жүзеге асырылады.
Осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін:
7. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі мен кезеңдері
Ұсынылып отырған азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру 2006-2011 жылдарға есептелген және ол мынадай кезеңдерден өтуді көздейді:
бірінші кезең - 2006-2008 жылдар.
Азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға бағытталған заң жобаларын әзірлеу жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтық қоғам институттары ынтымақтастығының тетіктері нығайтылады. Азаматтық форум мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам үшін тиімді, тұрақты жұмыс істейтін үндесу алаңқайына айналады.
Негізгі мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестер, консультативтік-кеңесші органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түрінде ынтымақтастықтың салалық және өңірлік тұрақты жұмыс істейтін жүйесі қалыптасады.
Қорытынды
Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Қоғамдық прогресс, демократиялық даму, экономикалық өрлеу азаматтардың қоғам тыныс-тіршілігінің барлық маңызды салаларына белсенді қатысқан жағдайда ғана мүмкін болады.
Осы Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдасын іске асыру елдің адами, зияткерлік әлеуетін жандандыруға және жұмылдыруға, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершілігін арттыруға, билік қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, жемқорлық пен озбырлықты, мемлекеттік бюрократияның билікті асыра пайдалану көріністерін түбірімен жою үшін жағдай жасауға, елдің әр азаматының өмір сүруінің жоғарғы деңгейіне жедел қол жеткізуге, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.