Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 34 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының бюджетін қалыптастыру, пайдалану


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ – ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы 5
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 10
1.3 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері 14
2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ 19
2.1 Қазіргі жағдайдағы бюджеттің пайдалану проблемалары 19
2.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру 23
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34

КІРІСПЕ
Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында алдыңғы, анықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі - қоғамның қаржы жүйесі.
Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.

1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ – ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы
Бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өзіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен алдынала объективті анықталған.

1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан — федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.

1.3 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері
Республикалық бюджет жобасын дайындау үшін Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрайды. Бұл комиссия экономика және бюджеттік жоспарлау Министрілігімен енгізілген республикалық бюджет жобасының негізгі болжамдық көрсеткіштерін қарастырады. Бюджеттік процесте басты рөль Қаржы Министрлігіне келеді. Ол ҚР-ның Президентінің жыл сайын халыққа үндеуін ескере отырып территория дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізгі параметрлеріне негізделе отырып алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік (бес жылдық) және ағымдағы (жылдық) индикативті жоспарлары құрылуда. Қоғамдық іс-әрекеттердің барлық аспектілерінің стратегиялык жоспарлануы және реттелуі бойынша практикалық жұмыстарды үкіметтің атқарушы органы Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Экономиканы реттеуге және жоспарлық жұмысқа тікелей қатысатын ҚР Үкіметінің жұмысшы органдарының жүйесіне, ең алдымен, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін жатқызамыз. Бұл Министерства ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында қарастырылатын квартал сайын "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы" атты доклад құрайды.

2.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру
Бюджеттік кодекс жобасының маңызын бағалау өте қиын. Соңғы уақытта біздің қоғамымыздың демократиялануы туралы көп айтамыз. Соған байланысты менің ойымша демократияланудың ең бірінші, біздің ел экономикасының жүрегі бюджеттік кодекс болып табылады. Бізге белгілі болғандай біздің үкіметіміз салық кодексін, кеден кодексін жақында қабылданды, енді жер кодексі қабылданды. Солардың ішінде, заң шығарушы және атқарушы үкіметтің әрбір деңгейінің жауапкершілігін ғана емес, сонымен қатар үкіметтің әрбір деңгейінің қаржылық қайнар көздерін анықтайтын, осы органдардың құқықтарын анықтайды бюджеттік кодекс маңыздылығын анықтауға өте қиын.

ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстан экономикасының анализі дүние жүзілік тәжірибе негізінде анықталған бюджеттік саясаттың оң құрылым-дарының Қазақстан шарттарында да болуын көрсетеді. Ол - мемлекеттік міндеттемелердің реалистік деңгейі негізіндегі дефициттің төменгі деңгейі немесе жол болуын қамтамасыз ететін, несиелеу нарығындағы төменгі проценттік ставкалардың болуын және жекеменшік секторды қаржыландыруды көтеруді қамтамасыз ететін мемлекеттік шығындарды шектеу саясаты. Осындай саясат экономикалық өсудің тұрақты жылдамдығына және жұмыссыздықтың төмендеуіне әкеліп, сонымен жалпы халық жағдайы деңгейінің өсуіне әкеліп соқтырады.