Типология ғылыми танымның әдісі ретінде
Жоспар
1 Типология ғылыми танымның әдісі ретінде 3
1.1 Типологиялық салыстырудың әмбебаптылығы 3
1.2 Жалпы типологияның бөлімдері 3
1.3 Лингвистикалық емес типология 3
1.4 Лингвистикалық типология 4
Әдебиеттер 5
1 Типология ғылыми танымның әдісі ретінде
1.1 Типологиялық салыстырудың әмбебаптылығы
Типология ғылымның ерекше бөлігі ретінде білімнің барлық салаларына тән, себебі белгісіз көпшіліктің жиынтығынан тұратын түрлі объектілерді таксономикалық сипаттау, жіктеу және салыстыру лингвистикалық, сол сияқты лингвистикалық емес ғылымдарда да (химия, биология, психология, тіл білімі, география, социология т.б.) қолданылады.
Ғылыми құрылымдарда салыстырудың екі түрін бөлуге болады:
1.2 Жалпы типологияның бөлімдері
Ғылыми танымның әдісі болғандықтан жалпы типология лингвистикалық емес және лингвистикалық типологияны біріктіреді, себебі екеуіне субстанциялардың, құбылыстардың, нышандардың, фактілердің, қатынастардың, уақиғалардың және басқаларының изоморфалық, сондай-ақ алломорфалық қасиеттерін табу міндеттері ортақ және ұстанымдары ұқсас.
1.3 Лингвистикалық емес типология
Лингвистикалық емес типология көптеген ғылымдарда салыстыру әдісі болып қызмет етеді, оның қолданылаясы өте кең. Лингвистикалық емес типология геология, тарих, ботаника, қоғамтану, юриспруденция, математика, өнер, экономика, биология, психология және басқа көптеген ғылымдарда салыстыру әдісі бола алады. Бұл ғылымдардың бәріне ортақтық пен жекеліктің, ұқсастық пен айырықшылықтың болуы тән, салыстыру солардың негізінде жүргізіледі. Өз кезегінде салыстыру сыртқы әлемді танудың қисынды тәсілдерінің бірі болып табылады.
1.4 Лингвистикалық типология
Лингвистикалық типология – бір қатар тілдерде байқалатын негізгі, елеулі сипаттарды, нышандарды топтастырумен және заңдылықтар шығарумен айналысатын тіл білімінің бөлімі; тілдердің типтері туралы және тілдік құрылымның типтері туралы ілім. Оның тіл білімінің басқа бөлімдерінің арасында дербестігін анықтайтын өз пәні, әдісі, бөлімі мен тарихы бар.
Әдебиеттер
1 Аракин В.Д. Сравнительная типология английского и русского языков.: учеб. пособие для студентов пед. ин-тов по спец. «Иностр. яз.» – 2-е изд. – М. : Просвещение, 1989. – 254 с.
2 Буранов Дж. Сравнительная типология английского и тюркских языков: учеб. пособие для пед. ин-тов. – М. : Высш. шк., 1983. – 267 с.
3 Демесинова Н.Х. Сопоставительная грамматика казахского и русского языков. Синтаксис. – Алма-Ата, 1959. – 259 с.