Еңбек нарығы
Мазмұны
Кіріспе 3
І Бөлім. Еңбек нарығы 4
ІІ Бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары 10
ІІІ Бөлім. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты 14
Қортынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер 22
Кіріспе
Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы «Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттің саясаты».
Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі-жұмыссыздық. Жұмысымның мәні, түрлері және халықтың, аймақтың саясаты, себептері, шаралары және пайда болуын толық қамтиды.
І Бөлім. Еңбек нарығы
Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе – теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстын бір – біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизімі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын (қалыптасатын) экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстың қисық сызығының еңкеюі теріс брышты болады: жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі. Көлденең білік – еңбектің саны (Q), тік білік (P) – жалақының ставкасы (1.1 сурет)
Жалпылама түрде еңбек нарығының негізгі екі сигменті болады: тәуелсіз бен бағынышты жұмыс орындарының біріншілік нарығы және екіншілік жұмыс орындарының нарығы. Бірншілік жұмыс орындарының бірінші сигментінде жоғары дәрежелі және арнаулы орта білім бар жұмыскерлер, әкімшілік – басқару персоналды, жоғары квалификациясы бар жұмыскерлер, әкімшілдік – көмекші персонал, инженерлік – техникалық жұмыскерлер еңбек етеді. Осы топтын жалақысы салыстырмалы түрде жоғары болады және оларға жұмыспен қамтудың белгілі кепілдігі беріледі. Екіншілік жұмыс орындарынан тұратын екінші сигмент арнаулы дайындықты және жоғары квалификацияны тілемейді. Бұған квалификациясы жоқ жұмысшылар, кызымет көрсететін жұмыскерлер, қызыметшілердің төменгі категориясы жатады.
ІІ Бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары
Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясы өте ұзақ, олардың концептуалдық бағыттары, әдістері, инструментариі мол. Осы мәселеге назар аударған неоклассикалық мектептің өкілдеріне Д . Гидлер, А.Лаффер, М Фелдстайн, Р.Холл тағы басқа жатады. Олар өздерінің концепцияларының негізіне А.Смиттің классикалық теориясын тартқан. Осы авторлар еңбек нарығын нарықтық заңдарға бағынатын іштей біркелкі емес және динамикалық байланыстардың жүйесі деп тұжырымдайды. Оның реттеушісі нарықтық механизм. Еңбек бағасы ( жалақы дәрежесі ) жұмысшы күшінің сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Жұмысшы күшінің бағасы нарық конъюнктурасына сезімшілдікпен жауап береді, осы конъюнктураның нақты қажеттігіне сәйкес өсіп немесе төмендеп отырады. Жалақының өсуі немесе азаюы арқылы еңбекке сұраныс және ұсыныс реттеліп отырады. Егер еңбек ұсынысының оған сұраныстан артық болуының нәтижесінде жұмыссыздық пайда болса, онда жұмыссыздық бағаның төмендеуіне, яғни, жалақының төмендеуінің арқасында еңбек нарығында тепе – теңдік орнағанша әсер етеді. Классикалық үлгі еңбек нарығы өзін - өзі реттеуші деген принципке негізделеді.
Кейнстік бағыт еңбек нарығын жұмысшы күшін қатал бақылап отыратын оқшау ( инерттік ) жүйе деп қарайды. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері – жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың дәрежесі, еңбекке сұраныс, нақты жалақының дәрежесі, - еңбек нарығында белгіленбейді, олар тауарлар мен қызыметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы тиімді сұраныстын көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығында тек жалақының дәрежесі және осыған тәуелді еңбек ұсынысының көлемі қалыптасады. Бірақ еңбек ұсынысы нақтты жұмыспен қамтуды қалыптастыруда жетекші рөл атқармайды, ол тек жалақының берілген көлемі жағдайындағы оның барынша жоғары дәрежеде болатын мүмкүндігін сипаттайды. Жұмысшы күшіне сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың амалсыз болуы жиынтық тиімді сұраныстың жетімсіз болуымен байланысты. Мұны реттеудің бюджеттік және ақша - несиелік реттеудің экспансионистік шаралары жоя алады. Жиынтық сұраныстың өсуіне әсер етіп, мемлекет еңбекке сұраныстың өсуіне көмектеседі. Осының нәтижесінде жұмыспен қамтудың өсуіне және жұмыссыздықтың төмендеуіне жол ашылады.
ІІІ Бөлім. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды.
Қортынды
Мен «Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттің саясаты» атты курстық жұмысымды аяқтай келе, қысқаша қорытындылап отырмын. Жұмысым 3 бөлімнен құралады. Әр бөлімінде өзінің тақырыбына сәйкес жеке-жеке сипаттама бердім.
Жалпы, адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеу әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С, Жанайдаров У.А. «Экономикалық теория» Астана – 2002 жыл.
2. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақыпова Ф.Н, Табаев Т.П. «Экономикалық теория». «Қазақ университеті» Алматы – 1999 жыл.
3. Жүнісов Б.А, Мәмбетов Ү. «Нарық экономикалық негіздері». Алматы – 1999 жыл.
4. Шеденов Ө.К, Байжомартов Ұ.С, Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық тоерия» Алматы – Ақтөбе, 2002 жыл.
5. Чепурин М.Н. «Курс экономической теории»
6. «Динамака рынка в Казахстане» // Труд в Казахстане, 2000, № 7, стр 81-83.
7. «Еңбек нарықтық категория». // Егемен Қазақстан, 200, 4 қаңтар.
8. «Рынок в Республике Казахстан». // Труд в Казахстане. 2001, Декабрь, стр 31
9. «Рынок труда в Казахстане». // Аль Пари, 1999, №, стр 69-73.
10. «Ситуация на рынке труда». // Приуралье, 2001, 28 апрель.