Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ұстаз имиджін арттыру мәселесі

Ұстаз имиджі - өте кең ұғым. Ұстаз имиджі дегенде өзге адамдарда Сіздің келбетіңіз (сыртқы кескін-келбет пен ішкі жан-дүниенің көрінісі) туралы қалыптасқан пікірді түсінеміз. Ендеше, имиджді қалыптастыратын - Сізді қоршаған орта. Ал сол пікірдің тууына негіз болатын - Сіздің іс-әрекеттеріңіз бен өмір сүру салтыңыз. Демек, ұстаз имиджі - оқытушының сыртқы және ішкі бейнесі туралы қоршаған ортада қалыптасқан түсінік, көзқарас.

Ұстаз имиджі, ең әуелі, оның білімділігімен және өзінің алдындағы жеке тұлғаның бойына білімдік қорды сіңіре алуымен тығыз байланыста қалыптасады. Жақсы ұстаз - оқыту мен тәрбиені бір-бірінен бөлмей бірлікте алып ұйымдастырушы да. Қазіргі кезде оқушы мен студентті жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның бойына ұлттық қондылықтарымызды бүгінгі заман талабына сай дарыта отырып, оның ішкі рухани дүниесін байытып, оның жарыққа шығуына көмектесуіміз қажет.

Егер әрбір мұғалімнің бойында, атап көрсетілгендей, он бес сапалық қасиет табылса, «Нағыз ұстаз!» сол болары сөзсіз. Бүгінгі күнгі пайымдауларымызды орта ғасырдың ойшылы, әлемде екінші ұстаз атанған Әл-Фарабидің құнды пікірімен қорытындылағанды жөн көрдік: