Қазақстан статистикасының дамуы
Жоспар
1 Қазақстан статистикасының дамуы 3
1.1 Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан 3
1.2 Қазақстанның мемлекеттік статистикасы нарықтық экономикаға өту кезеңінде 6
1.3 Статистика органының ұйымдастырылуы принциптері 7
1.4 Ресми статистиканың негізгі принциптері 8
1.5 Біртұтас есеп жүйесі және статистика туралы түсініктеме 10
1.6 Ұлттық есеп жүргізу департаменті 10
1.7 Біртұтас есеп жүйесі және статистика 11
Әдебиеттер 13
1 Қазақстан статистикасының дамуы
1.1 Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан
Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақтарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті – Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал 15 ғасырдың соңында олар 1 млн болды.
Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі 18-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9-ақпанындағы (28 – қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.
1.2 Қазақстанның мемлекеттік статистикасы нарықтық экономикаға өту кезеңінде
Қазақстанның, ТМД-ның басқа да елдері сияқты, нарықтық қатынасқа көшуі статистика мен есепке алуды түбегейлі қайта құруды талап етті. Нарықтық экономикада қолданылатын статистикалық көрсеткіштердің жүйесін зерделеу, оларды есептеудің әдістемесін меңгеру, экономикалық дамыған елдердің жинақталған практикалық тәжірибесін игеру, статистика мен есепке алуда пайдаланылатын халықаралық стандарттарды енгізу қажет болды. Осының барлығы 1992 жылы Үкімет қабылдаған Есепке алу мен статистиканың халықаралық практикада қабылданған жүйесіне көшудің республикалық бағдарламасына негіз болды.
1.3 Статистика органының ұйымдастырылуы принциптері
Қазақстан Республикасының статистика органдары өз қызметін Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистика комиссиясының 1994 жылы қабылданған ресми статистикаларының негізгі қағидаттарына негіздейді:
1. Ресми статистика Үкіметті, экономикалық өрісті және жұртшылықты экономикалық, жағдай туралы деректермен қамтамасыз ете отырып, демократиялық қоғамның ақпараттық жүйесінің қажетті элементі болып саналады. Осы мақсатпен практикалық құны бар ресми статистикалық деректер, объективтік негізде қоғамдық ақпаратқа деген азаматтардың құрметті құқын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика ведомстваларымен дайындалып таратылады.
1.5 Біртұтас есеп жүйесі және статистика туралы түсініктеме
Бақылауға қажетті мәліметтерді кәсіпорындардың ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, фирмалардың әр түрлі есептеу жолдар арқылы, яғни оперативті жедел, бухгалтерлік есеп жүйелері арқылы жинақталады, өңделеді және талдау жасалынады.
Оперативті жедел немесе оперативті техникалық есептің негізгі мақсаты – сол кәсіпорындардың, шаруашылықтың бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – есептің бұл түрі барлық кәсіпорындарда, мекемелерде және т.б. жүргізіледі. Бұл есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және тағы басқа ақша қаржыларының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдалануын, еңбекақы мөлшерін кіріс пен шығыс көрсеткіштерінің нақты есептелінуі.
1.6 Ұлттық есеп жүргізу департаменті
Ұлттық есеп жүргізу жүйесінің статистикасы бойынша әдіснамалық және статистикалық жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады, республиканың макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу және макроэкономикалық баланстық есептеу жүйесі бойынша әдіснамалық және нұсқаулық материалдар әзірлейді; республиканың ұлттық шоттарын, тауарлар ағыны бойынша ҰШЖ-ның баланстық кестелерін қалыптастырады.
Кәсіпорындар статистикасы, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
1.7 Біртұтас есеп жүйесі және статистика
1. Оперативті жедел немесе оперативті техникалық есеп. Негізгі мақсаты: сол кәсіпорындардың, мекемелердің, бірлестіктердің, фирмалардың тағы басқа бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне шикізаттар мен материялдардың жұмсауына, еңбек құралдарының қолданылуына және тағы басқа операциялардың жүргізілуіне бақылау жасау үшін жүргізіледі.
2. Бухгалтерлік есеп – есептің бұл түрі барлық кәсіпорындарда , мекемелерде, және тағы басқа жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және тағы басқа ақша қаржыларының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдалануын, еңбекақы мөлшерін кіріс пен шығыс көрсеткіштерінің нақты есептелінуі.
3. Статистикалық есеп – бұл есепте қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың, процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән белгілеріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді.