Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Физика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Үш фазалық электрлік тізбектер


Мазмұны
Кіріспе. Үш фазалық электрлік тізбектер 3
1 Негізгі бөлім 5
1.1 Жұлдызшалап қасылған үш фазалық тізбекті есептеу. 5
1.2 Үшбұрыштап қосылған үш фазалық тібекті есептеу 11
2 Бейтарап сымсыз жұлдызшалап қосу 15
2.1 Үшбұрышты жұлдызшаға түрлендіру 15
Пайданылған әдебиеттер 21

Кіріспе. Үш фазалық электрлік тізбектер
Электр тізбегінің көп фазалы жүйесі деп жиіліктері бірдей, электр қозғаушы күштері әр түрлі фазалардан тұратын айнымалы токтың бірнеше тізбектерінің жиынын айтады.Көбінесе, практикада электр қозғаушы күштері (кенеуі) шамалары жағынан тең және фазалары бойынша 2π/m – бұрышқа ығысқан (мұндағы m – фаза саны) көп фазалық симметиялық жүйелер қолданылады.
Көп фазалық жүйенің тізбектерінің бөлігін қысқаша айтқанда, фазалар деп атайды. Сонымен фаза терминіне төмендегідей екі түсінік сәйкес келеді: 1) синусоидалық шамалардың өзгеріс сатысын анықтайтын бұрыш және 2) көп фазалы жүйенің белгілі бір құрамы. Бір – біріне қосылған көп фазалық жүйенің электр тізбектерін көп фазалық тізбек деп атайды.

1 Негізгі бөлім
1.1 Жұлдызшалап қасылған үш фазалық тізбекті есептеу.
Үш генератордың әрбір ормын энергияны тұтынушыға жекелеп қосуға болады, демек, бұл жағдайда үш бір – бірінен тәуелсіз фазалық тізбек алынады (1.1-сурет). Практикада мұндай бір – бірімен байланысы жоқ тізбектер қолданылмайды, себебі үш бөлек тізбектер үшін алты сым өткізгіші керек, бұл экономикалық жағынан тиімді емес.

1.1 - сурет
Электрлік схемада (1.2-сурет) генератордың орамдарын жұлдызшалап қосқанда, үш орамның бір аттас қысқыштарын ( X, Y, Z ) бір нүктеге біріктіреді және оны О әрпімен белгілеп, генератордың нөлдік нүктесі деп атайды. Үш фазалық жүктемелердің соңғы ұштарын жұлдызшалап қосып, оларды бір 0’- нүктесіне біріктіреді, оны жүктеменің нөлдік немесе бейтарап нүктесі деп атайды. Жүктемелердің екінші ұштарын генератордың A, B, C нүктелеріне қосатын сымдарды желілік сым деп атайды.

1.2 Үшбұрыштап қосылған үш фазалық тібекті есептеу
Генераторды үшбұрыштап қосу үшін әрбір фазаның бастапқы ұшын оның соңғы ұшымен біріктіру керек (2.1 – сурет). Симметриялық генераторды жүктемесіз осылай қосқан жағдайда оның ішінде ток болмайды, себебі симметриялық жүйені құрайтын оның э.қ.к.-нің қосындысы нөлге тең болады.

Пайданылған әдебиеттер
1.Касаткин А.С «Электротехника».
2.Зевеке Г.В, Ионкин Г.А, Нетушин А.В «Основы теории цепей».
3.Балабатыров «Электр тізбектерінің теориясы».
4.Блажкин А.Г «Общая электротехника».