Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Азаматтық құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Азаматтық құқықтық қатынастар

Жоспар
1 Азаматтық құқықтық қатынастар 3
2 Азаматтық құқық қатынастарының объектілері 9
3 Азаматтық – құқықтық мәмілелері 10
Пайдаланылған әдебиеттер 13

1 Азаматтық құқықтық қатынастар
Азаматтық заңдармен тауар – ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шар еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеуге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс.Азаматтың құқықтың қабілеттілігі – бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі.Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.
Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар:

2 Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар,ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтын және қозғалатын мүліктер болып бөлінеді.
Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байанысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңізкемелері, ішкі сауда жүзу кемесі,ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі.Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге де мүліктер де жатқызылуы мүмкін.

3 Азаматтық – құқықтық мәмілелері
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Жоспарлы экономика кезінде барлық шаруашылық жүргізу орталықтандырылып атқарылған, жоспарланып, әкімшілік әдіспен жүргізілген. Сондықтан мәміленің аса қажеттілігі және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер субъектілердің арасындағы қарым –қатынастың негізі болып отыр.
Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіру қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан дакөп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Е.Баянов "Мемлекет және құқық негіздері" Алматы 2001ж
2. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин "Құқықтану" Алматы 2006 ж.
3. Нарбинова, М, М, Зиятова, Ж. К. Конститутциялық құқық [Мәтін]: әдістемелік нұсқаулар / Шығыс Қазақстан мемлекет- тік ун-ті.- Өскемен: ШҚМУ, 2003.- 50 б.