Бөлшек банктік қызметтер
Жоспар
1 Пластикалық карталар – қолма-қол есеп бермейтін ұйымдарының жаңа құралы 3
2 Смарт-карталардың артықшылықтары 5
3 Банкомат – электронды төлеу жүйесінің элементі ретінде 6
4 Сауда орындарындағы электронды жүйелермен есептесу 8
Әдебиеттер 11
1 Пластикалық карталар – қолма-қол есеп бермейтін ұйымдарының жаңа құралы
Бүгінгі таңда Банктер өзін нарықтың тапсырыстарын жеткілікті түрде қанағаттандыратын және клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсететін жоғары технологиялық және инновациялық қаржы институты ретінде танытуда. Банктің стратегиясы негізгі бес ұғымға негізделеді: Инновациялық, Технологиялық, Бизнестің тиімділігі, Клиенттерге белсенді қызмет көрсету және Қызмет көрсету сапасының жоғарылығы.
2 Смарт-карталардың артықшылықтары
Магниттік карталармен салыстырғанда смарт-карттың негізгі ерекшелігі мен артықшылығы оның off-line режимінде жұмыс істеу мүмкіншілігі – яғни, ақпарат орталық компьютерге операция кезінде емес, жұмыс немесе ауысым аяғында беріледі. Магниттік карта бойынша төлем жасауға карта ұсынған жеке тұлға жайлы мәліметтер алу үшін ұйыммен байланыс жасалуы керек.
3 Банкомат – электронды төлеу жүйесінің элементі ретінде
Банкомат – (АТМ-AutomaticTeller Machine) пластикалық карталар арқылы қолма-қол ақша беретін құрылғы және басқа да операцияларды жүзеге асырады.
Жаңа қызметтер кешеніне енді банкоматтарының торабы арқылы қол жеткізу оңай. Таяуда ғана Қазақстанда төлем карточкаларының иелері жасаған саудаларына карточкамен төлегеннен гөрі, банкоматтан анағұрлым жиі ақша алды, ал банкоматқа қолма-қол ақша алатын машина ретінде ғана қарады.
4 Сауда орындарындағы электронды жүйелермен есептесу (Сауда ұйымдарындағы ақша қаражаттарының банкі аралық электрондық аударымдары)
Жаңа электрондық техниканы қолдануымен банктердің клиенттеріне қызмет көрсетудің басты бағыты дүкендерде оларға электрондық қызмет көрсетуді ұсыну болып табылады. Сауда ұйымдарындағы ақша қаражаттарының банкі аралық электрондық аударымдары жүйелерінде сатылым кезінде немесе клиенттің еркі бойынша төлемнің мерзімін ұзартуының жеке жағдайларында сатып алушы шотынан сатушы шотына ақшаның аударылымын жүзеге асырылады.