Қазақстандық және халықаралық құқықтағы салық міндеттемесінің орындалуы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ ИНСТИТУТЫ 8
1.1 Салық міндеттемесінің пайда болу тарихы мен түсінігі 8
1.2 Салық міндеттемесінің құрамы мен пайда болу негіздері 19
2 САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 29
2.1 Салық міндеттемесін орындау түсінігі 29
2.2 Салық міндеттемесін орындау тәртібі 41
3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ - САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ КӨЛЕМІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ АЗАЙТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ 52
3.1 Халықаралық салықтық жоспарлау 52
3.2 Салықтық жоспарлау құрамы 65
ҚОРЫТЫНДЫ 78
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 81
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының өзінің тәуелсіздігін жариялауы мен мемлекеттің елдің экономикасына тікелей араласпау қағидаларын ұстануы, мемлекетпен экономиканы реттеудің тек қана жанама әдістерін ғана пайдалануы, өндірістің барлық түрлеріне мемлекеттік монополиядан бас тарту, осының барлығы, мемлекеттік табыстарды құрайтын жаңа көздерді іздестіру қажеттігін тудырды.
Мемлекет пен оған тәуелді субъектілердің арасындағы қарым–қатынасты орнату қағидалары түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Осыған орай мемлекет - жұмыс беруші ретінде, өзінің барлық тұрғындарын жұмыс орындарымен қамсыздандыру және оларға мемлекеттік қазынадан жалақы төлеу міндеттерін өзінің мойнына алмайтын болды. Әрбір еңбекке жарамды азамат, қазіргі жеке талаптар мен кәсіпкерлікті қолдау жағдайларында, табысты заңды жолдармен табуға шақырылды. Сонымен қатар, азаматтар қоғамдық мүдделерге байланысты жұмсалатын мемлекеттік шығындардың орнын толтыруға қатысуға міндетті болды.
Дәл осы уақытта, азаматтардың өзінің мемлекетімен арадағы негізгі конституциялық құқықтар мен міндеттердің мазмұнын қайта қарау мен түбегейлі өзгерістерге ұшырату қажеттігі туындады. Осындай қайта қараудың нәтижесінде, салықтарды төлеу міндеттемесі Қазақстан Республикасының құқығында жаңаша дамуы мен іске асырылуына ие болып, өзінің Конституциялық бекітілуін тапты.
Осыған қарамастан, материалдық салықтық құқық–қатынас ретіндегі салық міндеттемесі түсінігі, оның пайда болуы, қызмет етуі және тоқтатылуының негіздері, және оның орындалуының түсінігі мен орындалуының маңызды талаптары туралы мәселелер әлі күнге дейін өте аз зерттелген, және өзінің өзектілігін жоғалтпады. Керісінше, Республикамыздың сыртқы қатынастарының жаңа үрдіспен дамып келуіне орай олар жаңа халықаралық сипатқа ие бола бастады. Жоғарыда аталған түсініктер мемлекет азаматтарының салық төлеумен байланысты конституциялық–құқықтық міндетінің мазмұнын ашады, және нақтылай түседі. Осыған орай, мен өзімнің дипломдық жұмысымды жазу барысында аталған мәселелерді зерттеуге, және де салық міндеттемесінің орындалуының халықаралық аспектілерін ашуға тырысамын.
1 САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ ИНСТИТУТЫ
1.1 Салық міндеттемесінің пайда болу тарихы мен түсінігі
Салық міндеттемесі институты – салық заңдамасы үшін де, салық жүргізу үшін де жаңа, бірақ салық құқығының қойнауларында ол объективті категория ретінде салықтардың өздерінің пайда болу уақытынан бері өмір сүріп келеді деп ойлау керек. Осылайша, бұл категорияға оң көзқараспен қатар (бұл көбіненсе қаржы – құқығы өкілдеріне тиісті ), біршама сынды бағалар да айтылып жатыр (ал бұл азаматтық құқық ғылымының өкілдеріне тиісті).
1.2 Салық міндеттемесінің құрамы мен пайда болу негіздері
Салық міндеттемесінің құрамын қарастыруға көшпестен бұрын, біз бұл түсінікке қандай мағына беретінімізді айтып өтуіміз керек. Құқық теориясының жалпы бөлімінде, өз ішіне тек қана заңды мазмұнды алатын құқық-қатынастың заңды нысанының құрамын ғана айырады. Мысалға, С.С. Алексеев былай деп жазады: «Егер де, құқық–қатынасты тек қана идеологиялық нысан ретінде ғана қарастырсақ, онда бұл жағдайда оған субъективті заңды құқықтар мен міндеттерден құралатын тек заңды мазмұн ғана тиісті . Ерекше құқық–қатынаста идеологиялық нысан ретінде ешбір өзгешелік жоқ және болуы да мүмкін емес. Егер де құқық–қатынас заңды нысан мен нақтылы материалдық мазмұн бірлігі деп танылса, онда оның құрылымы басқаша сипатталады. Бұл жағдайда құқық–қатынаста субъективті құқықтар мен міндеттермен қатар (оның заңды мазмұнын құрушылар ), тағы да екі негізгі элемент бөлінуі мүмкін: құқық субъектілері мен объектілері.
2 САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Салық міндеттемесін орындау түсінігі
Міндеттеменің тараптарымен міндетке отырмас бұрын алдарына қойылған мақсаттарына жетудің нақты мүмкіндіктерін тудыру, міндеттемеге қатысушы әрбір тараптың бір–біріне бағытталған қажетті әрекеттерді (немесе әрекетсіздікті) жасап, сол арқылы өздерінің мүдделерін қанағаттандыру, және де осы әрекеттер арқылы алдарына қойылған мақсаттарға жету, оның орындалуы үшін барлық алғышарттарды жасау, осының барлығы – әрбір міндеттеменің бағалылығын құрайды.
Басқаша сөзбен айтқанда, тұлға белгілі–бір нәтижеге жету мақсатымен, оны өзбетінше орындауға мүмкінсіз бола отырып, басқа бір тұлғамен қатынастарға түсуге мәжбүр болады, осы екінші тұлға біріншінің пайдасына оның мүдделерін қанағаттандыра алады.
2.2 Салық міндеттемесін орындау тәртібі
Салық міндеттемесінің орындалу тәртібі дегеніміз, салық субъектісінің мемлекет алдында өзінің салық міндеттемсін орындауға бағытталған, салық заңымен анықталған кезек пен механизмге қарай әрекеттерді орындау болып табылады. Салық міндеттемесінің орындалу тәртібі мемлекетке, біріншіден, нақты салық міндеттемесінің пайда болу мезеті мен оның көлемін анықтауға және, екіншіден, салық міндеттемесін орындау үрдісін тәртіпке келтіруге, оған реттелген нысан беруге мүмкіндік береді.
3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ - САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ КӨЛЕМІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ АЗАЙТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ
3.1 Халықаралық салықтық жоспарлау
Халықаралық экономикалық интеграциялық үрдістердің нығаюуы, халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа негізделген салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың маңызының артуына алып келді. Халықаралық салықтық ынтымақтастық мәселелеріне көбірек көңіл бөлінуде. Осының барлығы халықаралық бұқара құқықтың жеке саласы - халықаралық салық құқығының пайда болуына алып келді, ол екі немесе одан да артық мемлекеттің салықтық юрисдикцияларының өзара әрекеттесуіне негізделген, салықтарды өндіріп алу қатынастарын реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығын құрайды. Халықаралық салық құқығын анықтауда көптеген көзқарастар бар, мысалы, С.Ф.Сутырин мен А.И. Погорелецкий салық құқығын ішкі және халықаралық деп екіге бөледі, халықаралық құқықтың қызмет істеу аясы мемлекетаралық қатынастар мен сыртқы экономикалық мәмілелер деп анықтайды.
3.2 Салықтық жоспарлау құрамы
а) салықты жоспарлау тәсілдері мен кезеңдері.
Халықаралық салық салу жағынан алып қарағанда, салықтардан бас тарту мәселесі үлкен маңызға ие. Олай болудың себебі, мысалға, екі салық жүйесінің бөлек кемшіліктері мен ақауларын пайдалану арқылы, және де әртүрлі елдердің салық органдарының арасында жүйеленген ақпарат алмасудың болмауына орай, заңсыз әрекеттер арқылы салықтардан бас тарту біршама жеңілдеді, ал жазаға тартылу мүмкіндігі болса кемуде. Ең қарапайым мысал: екі мемлекеттің территориясында (араларында қос салық салуды болдырмау туралы келісім – шарт жасасқан елдер) қызмет жасап жатқан салық төлеуші, өзінің мемлекетінде салық міндеттемесін орындағаны туралы айтып, жалған құжаттарды екінші мемлекетте салық салынудан босатылу үшін ұсынады; кейін ол дәл осындай әрекетті өзінің елінде де іске асырып, осылайша ол үшін екі елде де салық міндеттемесі туындамайды. Осының нәтижесінде, әртүрлі мемлекеттермен өзара қос салық салуды болдырмау турады келісім – шарттар, табыс пен капиталға салынатын салықтардан бас тартуды болдырмау шараларын көздеп отырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Барлығымыз білетіндей, кез–келген мемлекеттің кірістерінің көп бөлігі салықтардан жиналып отырады. Және де қазіргі уақытта салық салу саласындағы ең маңызды мәселелерінің бірі – мемлекеттік салықтардың жиналуының тиімді көлеміне жету мәселесі болып отыр, яғни бұл мәселе салық төлеушілермен өздерінің салық міндеттемелерін орындауына тікелей тәуелді. Салық салудың дамуының қазіргі кезеңі: салық құқық-қатынастарының ең тиімді құрылысы, салық механизмінде міндеттемелік жүйені қолданылуда орын алатындығының заңдылығын анықтауға мүмкіндік беріп отыр.
Осы дипломдық жұмыста көрсетілгендей, мемлекеттің өз салық төлеушілерімен қарым–қатынастарының айқын міндеттемелік сипаты толық сеніммен, салық төлеумен байланысты міндеттеменің пайда болу мезетін, міндеттеме көлемін және салық міндеттемесінің орындалу тәртібін бекітуге рұқсат береді. Мемлекетпен салық төлеушіден талап етіп отырған барлық әрекеттерді нысандату, біріншіден, мемлекетпен салық төлеуші алдына қоятын талаптардың көлемін анықтауға, оларды салық төлеуші үшін неғұрлым түсінікті әрі қол жетерліктей жасауға; екіншіден, мемлекетпен, салық міндеттемесінің орындалуын нақтырақ бақылауға жағдай жасайтындығын анықтап отырмыз. Жалпы, салық міндеттемесі институты өзінің кең дамуын Қазақстан республикасының салық заңдамасында алды, оның негізін қалаушы Порохов Евгений Викторович болып табылады. Келешекте бұл институт басқа елдерде танылып, халықаралық салық құқығында да өзінің орнын табады деп ойлаймын. Белгілі–бір пайда алу мақсатымен салық салуға жататын қатынастарға түсу не түспеу, әрқашан да салық төлеушінің өзімен таңдалу қажет. Осы арада, салық төлеушінің өзінің салық қызметін салықтық жоспарлау құқы міндетті түрде танылу керек екендігін айтып өту керек.